«№44 орта мектеп» КММ

«Әлеуметтік педагог» жұмысының жоспарына

сәйкес 2023-2024 оқу жылының І- жарты жылдықта

атқарылған жұмыстары жайлы қорытынды

Е С Е Б І

Астана қаласының әкімдігінің «№44 орта мектеп» КММ «Әлеуметтік педагог» жұмысының жоспарына сәйкес,  2023-2024 оқу жылының І — жарты жылдықта атқарылған жұмыстары төмендегідей атқарылды.

Мектепте тамыз айының 29 жұлдызында бекітілген өндірістік бұйрыққа сай мектеп  әдістемелік  бірлестік отырысында қаралып бекітілген әлеуметтік педагогтың жоспары бойынша келесі жұмыстар атқарылды.

Әлеуметтік -педагогикалық реабилитация бөлімі бойынша:

2023-2024 оқу жылында 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» акциясы өткізілді.

Акцияның мақсаты: Әлеуметтік санатына қарамастан, мектеп оқушыларының толық мектеп формасымен, оқу құралдарымен қамтамасыз етілуін қадағалау. Барлық баланың мектеп партасында отыруын қамтамасыз ету. 

Астана қаласы әкімдігінің «№44 орта мектеп» КММ 2023-2024 оқу жылында санаттар бойынша көрсетілген көмектер төмендегідей.

1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан 26 оқушыға;

2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан 0 оқушыға;

3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын 2 оқушыға;

4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан 1 оқушыға;

5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жататын 66 оқушыға, оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін 8 оқушыға көмек көрсетілді.

«Мектепке жол» акциясы аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің жанындағы «Еріктілер кеңесінің» мүшелері Астана қаласы Алматы ауданының әкімдігі 12 оқушыға мектеп құралдарын сыйлап қуантты.

Кәсіпкер, жылжымайтын мүлік бойынша эксперт Алимбаев Мерей                      3 отбасының балаларының толық мектеп формасы және оқу құралдарына көмек жасады.

Бас инспектор — Азамат Нұғманұлы өз тарапынан 1 оқушыға оқу құралдарын сыйлап көмектесті.

Алматы ауданының әкімдігі, «Жалпыға бірдей білім беру қорынан» көмек ала алмайтын 10 оқушының тізімін сұратқан болатын, әкімдік атынан да сол оқушылар мектепке қажетті заттармен қамтамасыз етілді.

«Халық банк» 100 жылдық мерейтойына орай 100 игі іс акциясы аясында, 1 сыныпқа келген  бүлдіршіндерімізді де қуантты.

3 «А» ата-анасы Имбишева Жанар Бөгенбаевна өз атынан көмек қолын созып, 2 «Ә» сынып оқушысы Даниярұлы Рамазанға сөмке сыйлады.

Әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Смагулов Асқар Сайлаубекович бір отбасының 3 баласын мектепке толық дайындады.

Мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Сүлейменов Бағдат Маратұлы өз тарапынан 10 «Ә» сынып оқушысы Назаров Серождинді қыстық киіммен киіндіріп, көмек жасады.

Мектеп ұжымы атынан отбасылық қиын жағдайда қалған 6 «Г» сынып оқушысы Куликова Ксенияға материалдық 50000 тг қыстық жылы киім, азық-түлікпен және моралдық қолдау көрсетіліп, әлеуметтік педагогтың, тәрбие бөлімінің назарына алынды.

Тілсіз жау өрттен зардап шеккен отбасының баласы, 1 «А» сынып оқушысы Москвичева Кристинаға мектеп ұжымы, ата-аналар комитеттері тарапынан 50000 тг материалдық көмек көрсетілді, сонымен қатар «Үміт» ЖШС азық-түлікпен де қамтамасыз етіп, киімдер, оқу-құралдыры, отбасына қажетті жабдықтармен көмек көрсетілді.

29 қараша халықаралық қамқоршылар мерекесіне орай, мектептің қамқоршылық кеңесі төрағасы М.И. Асуханов пен М.Қоразованың қолдауымен қамқоршы ата-атаналарға сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

         «Қауіпті топ», аз қамтылған, көп балалы, бір ата — анамен тәрбиеленетін, мүгедек, мүмкіндігі шектеулі, жетім және ата- анасының қамқорлығынан айырылған білім алушылар анықталып, сыныптың, мектептің әлеуметтік төлқұжаты әзірленді.

Білім алушылардың сыныптағы, отбасындағы жағдайын анықтау мақсатында, ата-ана қамқорлығынсыз қалып, отбасында тәрбиеленіп жатқан оқушылардың, өгей ата-анамен тұратын оқушылардың, сенімхатпен тұратын оқушылардың, тұрмысы нашар отбасындағы оқушылардың үйлері араланып, тұрмыстық жағдайларымен таныстық, тұрмыстық акт толтырылды.

         Мектептің алдын-алу кеңесінің отырыстары өткізіліп, сенімхатпен оқитын оқушылардың сенімгер өкілдерімен кездесу өткізілді. Өгей ата-анамен тұратын оқушылардың ата-аналарымен кездесу өткізілді.

Кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша, қыркүйек айында «Ыбырайым» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен мектептің әлеуметтік осал тобына жататын отбасылардан шыққан 10-11 сынып оқушылары ҰБТ дайындайтын «Достық» оқу орталығының сынама тестіне қатыстырылып, ата-ана қамқорлығынсыз қалған 11 «А» сынып оқушысы Убабаев Арманға,  11 «Б» сынып оқушысы Жалғасбай Мейрамбекке оқу орталығында тегін оқу мүмкіндіктері берілді. 10 «Б» сынып оқушысы Арыстанбек Азамат резервке алынды.

         Қазан, қараша айларында 7 «Б», 8 «В» сыныптарының ата-аналар жиналысында «Отбасы – алтын бесік» тақырыбында тренинг жүргізілді.

Әлеуметтік алдын алу шараларына байланысты, оқушыларға адамгершілік-құқықтық тәрбие беру мақсатында, 7 «Б» сынып оқушыларына «Мен және менің құқықтарым» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Оқу жылының басында мектеп асханасы жұмысының сапалы жүргізілуін ұйымдастыруға орай, құрамы 9 адамнан тұратын бракераждық комиссия құрылған болатын. Комиссия қыркүйек, қараша айларында мектеп асханасына тексеру жүргізіп, тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығын, өнімдердің (азық-түліктің) сапасына және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері мен жағдайларының сақталуын, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылдың 16 тамызындағы «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы №611 бұйрығы негізінде медициналық қызметкер Б.Баймагамбетова асханадағы ыстық тамақ мәзірін, ыстық тамақ сапасын күн сайын бракераж журналына жазу арқылы тағамның сапасына органолептикалық бағалау жүргізіп отырады.  

Жаңа 2024 жылды қарсы алу мерекелік іс-шараларына №44 орта мектебі оқушылары да қатыстырылды.

Астана қаласындағы Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында ұйымдастырылған, 25 желтоқсан күнгі Президенттік шыршаға 6 «Б» сынып оқушысы Халмұрат Бексұлтан (инклюзия тобы бойынша) кандидатурасы ұсынылған болатын, өкінішке орай баланың денсаулығы күрт өзгеріп, оқушы шыршаға бара алмады. Материалдық және тәттілер сыйлығы, оқушының анасына табысталды.

26 желтоқсан күні Астана қаласы әкімінің шыршасына 6 «Г» сынып оқушысы Елеусізов Әділханнның кандидатурасы ұсынылды. Алладин карнавалдық костюмімен Әділхан керемет мерекелік көңіл күймен әсер алып, сыйлықтармен қуанып қайтты.

Астана қаласы, Алматы ауданы әкімінің шыршасына қамқорлықтағы оқушы Паруаз Айшабибі ұсынылды. Материалдық және тәттілер сыйлығын алып оқушы қуанды.

Алматы аудандық мәслихаты депутаттарының демеушілігімен ұсынылған тәтті сыйлықтар инклюзия, көп балалы, мұқтаж отбасы балаларына табысталып, балалар қуанышқа кенелді.

Олар: Паруаз Айшабибі, Тулымкожин Әлихан, Куликова Ксения, Ержанов Карим, Жылқыбай Расылхан, Москвичева Кристина, Тищенко Диана, Шабанбай Бекарыс, Бескоровайный Дмитрий, Жанболатов Данияр, Байтасов Абылай, Сарикулов Наил.

Білім басқармасындағы Қамқоршылық бөлімінің сыйлығы 11 «Ә» сынып оқушысы, қамқорлықтағы бала Убабаев Арманға табысталды.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында IPOTEKAGROUP компаниясының негізін қалаушы, жылжымайтын мүлік эксперті, бизнесмен М.Алимбаевтың ұсынысымен, әлеуметтік осал топтағы тоғыз отбасының балаларына толық жиынтықтағы компьютерлер сыйға тартылды.

         Диагностикалық жұмыстар бойынша, Білім алушылардың  әлеуметтік  ортасын  диагностикалау  отбасын, қарым – қатынас ортасын, қызығушылығын, қажеттілігін анықтау мақсатында ата-аналармен әңгіме жүргізе отырып, мектеп оқушыларының шахмат, көркем сурет, жапсыру, домбыра, баскетбол, волейбол үйірмелеріне қатысуларына ықпал еттім.

         1 «Ә», 2 «А» сыныптарындағы оқу үлгерімі төмен оқушылар мәселесі бойынша мектепте педконсилиум отырысын ұйымдастырып, консилиум ол оқушыларды педагогика-психологиялық және медициналық комиссияға жіберуге шешім шығарып, оқушылардың ата-аналарымен әңгіме жүргізіліп, Әлеуметтік педагогтың оқушыға шешімі құжаты толтырылды.  

         . Мектептің ашық есік күнінде, Әлеуметтік педагог қызметкерінің мүмкіншілігі шектеулі балаларды  тәрбиелеуде алатын орны тақырыбында баяндама оқылды.

Педагогтың кәсіби дамуына байланысты, 2023 жылғы 14 – 26 қыркүйек аралығында Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты ұйымдастырған «Ата-аналарды психологиялық-педагогикалық ағартудың ғылыми-әдістемелік негіздері» біліктілікті арттыру курсында білім жетілдірдім.