2024 жылдың қараша айының жетінші жұлдызында “Рақымжан Қошқарбаев атындағы #44 орта мектеп”ШЖҚ МКК- де «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында 8,9,10 сынып оқушыларына жиналыс өтті. Мақсаты- құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың қауіпсіздігі, ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Міндеті — құқық бұзушылықтар, олардың салдары.
Жиналысты мектебіміздің директоры Л.М.Култаева бастап, күн тәртібімен таныстырды. Қазіргі таңдағы балалар арасында жиіленген үйден ерте сабаққа шығамын деп кетіп, мектеп аулаларында, басқа үйлердің этаждарында жүруі, шатырларға шығуы жиіліп кеткендігін айтып өтіп, сонымен қатар сабақ біткен соң, балалардың уақытында үйге жетуін сынып жетекшілердің қадағалауын сұрады.
Астана қаласы Алматы ауданы Прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің бас маманы Ешенгулов Нұрдәулет оқушыларды құқықбұзушылық және қылмыс белгілерімен таныстырды. Жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері туралы айтып өтті. Оқушыларды қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп, оны құрметтеуге шақырды.
Мектеп инспекторы, Алматы ауданының ПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ полиция лейтенанты Молдабек Нұрбек Мейірбекұлы кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаның түрлеріне тоқталды.

01.11.2024.ж күні мектебімізде «Біртұтас тәрбие тұжырымдамасы аясында оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Мұғалімдер осы бағдарламаның оқу процесінде қолданылуына арналған практикалық жұмыстар жасады.
Мақсаты: оқу мен тәрбие жұмысын ұштастыру және алты бағыт аясында құндылықтарды дәріптеу
#Біртұтас_тәрбие
#oqu_agartu_ministrligi
#ganibeisembayev

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде «Тәуелсіздік пен отаншылдық» айы аясында 14 қазан күні мектебімізде Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған апталықтың ашылуы өтті. Апталығымыз Халық Қаһарманы Рақымжан атамыздың батырлығын ұлықтайтын «Ерлік білекте емес, жүректе» атты ашық сынып сағатымен бастау алды.
📌Аталған іс-шарамызға құрметті қонақтарымыз, ауған соғысының ардагерлері -Акижанов Кудабай, Ерзаков Нуриддин, Акбаев Сәбит, Уразин Төленді, Джантемиров Калиаскер және Таулы Қарабах соғысының ардагері Нурахметов А.Б қатысып, өздерінің ерен еңбекке толы өнегелі ойларын бөлісіп, оқушыларымызбен сұхбаттасты.Сынып сағатының соңында оқушылар қонақтармен естелікке суретке түсті.


 

“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы негізінде” Тәуелсіздік пен отаншылдық” құндылық айы аясында “Рақымжан Қошқарбаев атындағы #44 орта мектеп”ШЖҚ МКК- да қазанның 14 жұлдызында Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай, 6Б және 10Ә сыныптарының оқушыларына «Ерлік білекте емес, жүректе»атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларға батыр атамыздың өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру және оқушыларды батырлыққа, отаншылдыққа, адалдыққа тәрбиелеу.Іс шараға Ауған соғысының ардагерлері және мектебіміздің Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Қоразова М.Ә.қатысты.
Дөңгелек үстелді мектебіміздің директоры Култаева Ляззат Муханбетовна ашып, аталмыш іс-шара халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевқа арналып өтіп жатқандығын айтып кетті. Оқушыларға алдымен бейнефильм көрсетіліп, сұрапыл соғысқа қатысты мәліметтер және Қазақстанның қаһарман жауынгері туралы ақпараттар берілді. Дөңгелек үстел барысында тақырыпқа байланысты оқушылар ойларымен бөлісіп,өз пікірлерін ортаға салды. Берілген сұрақтарға жауап алды. Іс-шара қорытындысында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жунусова З.С. мен биология пәнінің мұғалімі Зампай Қ.аталмыш іс-шараның мән-маңызын айтып, ата-бабаларымыздың ұлы ерліктерін бүгінгі ұрпақ мәңгі жадында сақтап қалуы керек деген тұжырымға келді.

Отандық гимнасттар Қытайдағы халықаралық чемпионатта күміс медаль иегерлері атанды.Гонконгта IFAAG Asian Trophy эстетикалық топтық гимнастикадан жарыс және «Hong Kong Cup» халықаралық турнирі аяқталды. Бұл әлемдегі ең беделді ареналардың бірі, онда планетаның ең мықты командалары жиналды. Қазақстан Республикасының командасының атынан Р.Қошқарбаев атындағы «№44 орта мектеп» ШЖҚ МКК-ның 10 Ә сынып оқушысы Мухамедия Айғаным оқушымыз да бар. Біз Айғаныммен мақтанамыз!

 

Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев атамызға 100 жыл

6 қазан — Республикалық Референдум✅

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖИНАЛЫС

«БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ» тақырыбы бойынша ұстаздармен және сынып жетекшілермен жиналыс өткізілді.

Мектеп президенттігіне үміткер болғың келсе, сені күтеміз!!!✅

@oqu_agartu_ministrligi
@gani.beisembayev
@akimat__astana
@jenis_qasymbek
@baikenyesset
@k.sengazyyev_official
@bilimastana

 

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ оқыту процесінің тәрбиелік компонентін күшейту мақсатында 6 “Ә” сыныбында “Тазалық -денсаулық кепілі” күні өтті.

Осы мақсат аясында мектеп аумағында тазалық
сақтау медениетін қалыптастыру, сонымен қатар
оқушылардың тазалыққа деген жауапкершілігін арттыру іс-шарасы өтті.
Іс-шара барысында оқушыларымыз қоршаған
ортаның, тазалығына үлес қосып, ұқыптылықтың
маңыздылығын түсінеді. Тазалық — тек мектеп
аумағын таза ұстау ғана емес, ол
денсаулығымыздың басты кепілі екенін барлығымыз білеміз.
Сіздерден де осы игі бастамаға қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз. Бірге таза әрі салауатты
орта құрайық!

⚜️ Рақымжан Қошқарбаев атындағы №44 орта мектебінің Өзін-өзі басқару ұйымы және мектеп оқушылары “Дублер” күніне дайындықты бастады.Маңызды іс-шараға жауаптылықпен қарап, ерекше идеяларымен бөлісті.

№44 орта мектебінде “Бала қауіпсіздігі — қоғам келешегі” тақырыбында ата-аналарға жиналыс өткізілді. Жиналыстарда ата-аналарға қауіп- қатерлерді дер кезінде қалай анықтау үшін және оларды болдырмау үшін қандай шаралар қолдану керектігі туралы қадамдық ұсынымдар берілді.

Астана қаласы, «Аманат» партиясы мүшелері халыққа сайлау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Отбасы күні мерекесіне орай “Рақымжан Қошқарбаев атындағы #44орта мектеп”ШЖҚ МКК-да 13 қыркүйек күні «Біртұтас тәрбие — болашақ кепілі!» 1-11 сынып оқушыларының ата — аналарына арналған жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Тақырыпты мектебіміздің директоры Л. М.Култаева презентация арқылы баяндап, мектептегі біртұтас тәрбие бағытында жүргізілетін жобалармен таныстырды.Оқушылардың бойына жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу басты міндет екенін атап өтті. Келесі кезекте мектеп психологтары Ж.Н.Нұрболатова мен Ш.Е.Зейтказиева «Жасөспірімнің қазіргі портреті» тақырыбында баяндама жасады.Ата-анларға тақырып бойынша кеңестер берілді. Астана қаласы ПД”Алматы”ауданы ПД ЖКПБ учаскелік полиция инспекторы Р. К. Тукенов ата- аналарды кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы заңымен таныстырды.
Біртұтас_тәрбие

 

      ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА СӘТТІЛІК !!!

 

«Kids EXPO. Балалар әлемі» балалар тауарлары жәрмеңкесі.

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді жаңа оқу жылы қарсаңында EXPO халықаралық көрме орталығында өтетін балалар тауарлары жәрмеңкесіне шақырамыз.

Жәрмеңке тақырыптары:
* Білім
* Хобби
* Демалыс
* Балалар мәдениеті (журналдар, кітаптар және музыка)
* Ойын әлемі (ойыншықтар, ойындар және қолөнер)
* Балалар сәні мен киімдері
* Керек-жарақтар мен аксессуарлар
Және тағы басқалар!

🗓️ 16-18 тамыз
📍 EXPO халықаралық көрме орталығы

Ярмарка детских товаров «Kids EXPO. Балалар Әлемі».

Дорогие жители и гости столицы! Приглашаем вас на ярмарку детских товаров, которая пройдёт в Международном выставочном центре EXPO в преддверии нового учебного года.

Тематика ярмарки:
* Образование
* Хобби
* Отдых
* Детская культура (журналы, книги и музыка)
* Мир игр (игрушки, игры и поделки)
* Детская мода и одежда
* Принадлежности и аксессуары
И многое другое!

🗓️ 16-18 августа
📍 Международный выставочный центр EXPO

Кұрметтi басшылар, Астана қаласы әкімдігінiң «Психологиялық қолдау орталығы» өз жұмысын бастады. Бiздiң психолог мамандар балалар мен ата-аналарға көмек көрсету дайын.
Осы буклеттердi ата-аналар чаттарына таратуларыңызды сұраймыз

Оқу-ағарту министрлігінің жартыжылдық қорытындысы: жаңа мектептер мен балабақшалар салу, балалардың құқығын қорғау және инклюзивті білім беру

📍 Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігі білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған бағдарламалар мен жобаларды іске асыруды жалғастыруда. Білім беру инфрақұрылымы дамуда, цифрлық технологиялар енгізілуде, балалардың құқығын қорғау және қауіпсіздігін арттыру шаралары күшейтілуде.

Қазақстандық оқушылардың 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында халықаралық олимпиадаларда қандай жетістіктерге қол жеткізгені және білім беру саласының басқа да негізгі көрсеткіштері туралы Primeminister.kz шолу материалынан оқыңыздар.

https://t.me/KZgovernment/12160

 

Білім беру сапасын арттыру: жетістіктер мен бастамалар

📎 2024 жылы Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігі Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жаңа моделін бекітті. Ал Ұлттық баяндама аясында нысаналы мектептермен жеке жұмыс жүргізуге, педагогтарды оқытуды күшейтуге баса назар аударылды.

✔️ Қазақстандық оқушылар 2024 жылы 12 халықаралық олимпиадада 361 медаль жеңіп алды, оның ішінде: 41 алтын, 134 күміс және 186 қола. Сондай-ақ оқушылар Сингапур, Қытай және АҚШ-тағы роботты техника бойынша халықаралық чемпионаттарда ерекше жетістікке жетті. Лос-Анджелестегі Дүниежүзілік ғылыми және инженерлік көрмеде, Өзбекстандағы Авиценна атындағы Халықаралық математикалық олимпиадада және биология олимпиадасында, Грузиядағы қыздарға арналған халықаралық математикалық олимпиадада, Қытайдағы химия бойынша Халықаралық Менделеев олимпиадасында 100% нәтиже көрсетті. Еліміздің оқушылары Балқан түбегінің ең мықты жас математиктерінің үштігіне енді.

🔺 Оқушылардың осындай жоғары нәтижелері биылғы шілде айында биология бойынша әлемдегі ең беделді олимпиаданы Қазақстанда өткізуге ықпал етті. IBO тарихында алғаш рет елордамызда ең көп қатысушы елдер бас қосты. Бұл – 81 елден келген 300 жас биолог. Еліміздің құрамасы қазақстандық білім берудің жоғары халықаралық имиджін тағы да растап, 100% медальдық есеп көрсетті.https://t.me/KZgovernment/12157

 

 

 

 

 

 

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Жолдас Батырханның қазақстандық ата-аналарға үндеуі

https://t.me/oqu_agartu/11066

https://www.instagram.com/reel/C9mECsfoyrV/?igsh=MTU4Zng4dmlhOGY0bQ==

 

Қазақстан мен Қытай техникалық және кәсіптік білім беруде өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады

ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ҚХР білім министрі Хуай Цзиньпэнмен кездесті. Екі тарап техникалық және кәсіптік білім беру саласында Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын нығайту мәселелерін талқылады.

⚡️ Атап айтқанда, кездесуде қос дипломдық білім беру мен бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, екі елдің студенттері мен оқытушыларының тағылымдамадан өтуі, колледждерді инновациялық дамыту бойынша бірқатар жобаларды жүзеге асыру туралы айтылды.

«Қазақстан үкіметі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті маман дайындауға аса көңіл бөлуде. Бүгінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қазақстандық студенттердің 65%-ға жуығы тегін білім алуда. Кәсіпорындардың тапсырысы бойынша жұмысқа орналастыру міндеттемесімен кадрларды мақсатты әзірлеу, сондай-ақ еліміздің әрбір макроөңірінің тапсырысы бойынша колледждерді бейіндеу жүргізілуде. Қазақстандық колледждер халықаралық аккредитациялаудан өтуде. Біз бұл бағыттағы жұмысты әлі де күшейтуді көздеп отырмыз», — деді Ғани Бейсембаев.

⚡️ Естеріңізге сала кетейік, елімізде 772 колледжде 540 мыңнан астам студент білім алуда. Соңғы бес жыл ішінде мемлекеттік тапсырыс көлемі екі есеге жуық артты, оның ішінде 70 пайызы техникалық мамандықтарға бағытталды. 518 кәсіпорын 410 колледжді өзінің қамқорлығына алып, кеңес құрамында колледжерді басқаруға қатысып келеді. Сонымен қатар жұмысшы мамандықтардың мәртебесін арттыру, әлемдік үздік кәсіби стандарттар мен тәжірибелерді енгізу мақсатында елімізде жыл сайын WorldSkills чемпионаты өткізілуде. Өткен жылы өз тарихында тұңғыш рет біздің студенттеріміз EuroSkills халықаралық додасында тамаша көрсеткішке қол жеткізді.

Казахстан и Китай обсудили вопросы в сфере технического и профессионального образования

Министр просвещения РК Гани Бейсембаев встретился с министром образования КНР Хуай Цзиньпэном. Стороны обсудили вопросы укрепления казахстанско-китайского сотрудничества в сфере технического и профессионального образования.

⚡️ В частности, они касались реализации программ двудипломного образования и совместных образовательных программ, стажировку студентов и педагогов двух дружественных стран, реализации ряда проектов по инновационному развитию колледжей.

«Государство уделяет особое внимание подготовке квалифицированных кадров, востребованных на рынке труда. Сегодня около 65% казахстанских студентов в организациях технического и профессионального образования обучаются бесплатно. Проводится целевая подготовка кадров по заказу предприятий с обязательством трудоустройства и профилизация колледжей согласно запросам каждого макрорегиона страны. Казахстанские колледжи получают международную аккредитацию. Мы намерены усилить работу в данном направлении», – подытожил Гани Бейсембаев.

⚡️ Напомним, в 772 колледжах обучаются свыше 540 тысяч студентов. За последние пять лет объем госзаказа увеличился почти в два раза, из которых около 70% направляются на технические специальности. 518 предприятий страны осуществляют шефство над 410 колледжами и участвуют в управлении колледжами через советы. Также для повышения престижа рабочих профессий, внедрения лучших практик и профессиональных стандартов ежегодно проходит чемпионат WorldSkills. В прошлом году впервые за всю историю наши студенты показали наилучший результат на международных соревнованиях EuroSkills.

Педагогтерді жұмысқа орналастыру ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымдарға тағайындау, лауазымдардан босату қағидаларымен регламенттеледі, оған сәйкес конкурстық рәсімнен өту қажет.

14 мамыр күні Жалпы орта білім беру кезеңін тәмамдаған мектеп түлектеріне аттестат табыстауға арналған салтанатты жиын өтті.
2023 — 2024 оқу жылында «Рақымжан Қошқарбаев атындағы № 44 орта мектеп» Шаруашылық Жүргізу Құқығындағы Мемлекеттік Коммуналдық Кәсіпорнын 39 оқушы мектепті бітіргелі отыр.
Білімді мыңды шығады,- деген нақыл сөз ойға оралып, білімді оқушылардың асар биігі алда екендігі сөзсіз. Мектеп ұжымы мектепті үлкен жетістікпен аяқтап, мектеп мақтанышына айналған «Үздік аттестат» иесі атанып отырған 11Ә сынып оқушысы Русланқызы Адель және «Ерекше аттестат» иелері Нығметолла Нұртілек пен Тулепберген Валиханмен мақтан етеді.

12.06.2024 ж 9 сынып түлектеріміздің мектепті бітіргендігі туралы куәлікті тапсыру рәсімі өтті.
2023 — 2024 оқу жылында «Рақымжан Қошқарбаев атындағы № 44 орта мектеп» Шаруашылық Жүргізу Құқығындағы Мемлекеттік Коммуналдық Кәсіпорнын 81 оқушы мектепті бітіргелі отыр.
«Білімді мыңды жығады»,- деген нақыл сөз ойға оралып, білімді оқушылардың асар биігі алда екендігі сөзсіз. Мектеп ұжымы 9 жыл білімді үлкен жетістікпен аяқтап, мектеп мақтанышына айналған «Үздік аттестат» иелері атанып отырған 9 «Ә» сынып оқушылары Айболұлы Айбар, Балғабай Аружан, Мухамедия Айғаным, Темирова Нұрай,Тулепберген Диана және 9 «Б» сынып оқушысы Аманхан Аңсармен мақтан етеді.

Балдәурен-2024

03.06.2024 күні Рақымжан Қошқарбаев атындағы №44 орта мектеп ШЖҚ МКК мектеп ауласында «Балдәурен» лагерінің салтанатты ашылуы болып өтті.Мақсаты: оқушылардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуын тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдай жасап, балалардың мерекелік көңіл-күйін көтеру. Лагерьге 1-4 сынып оқушылары және лагерь қызметкерлері мен құрметті қонақтар қатысты. Лагерьде 1-4 сынып оқушылары 4 жасақ 120 баладан құралды. Ашылу мерекесін мектеп директоры Култаева Л.М. құттықтап, бүлдіршіндерді алаңға белсене қатысып, бос уақытын тиімді пайдалану жолдарын айтты. Салтанатты ашылуда сайқымазақ, мыстан әже, қарақшы, сотқар бала, цыган кейіпкерлерін сомдаған ұстаздар балаларды қызықтырып, ойындар ойнатып, ән айтқызып,би билетіп, соңында тәттілер таратты. «Менің нұрлы қалам» асфальтта сурет салу байқауымен жалғасты. Жақсы салған балаларды мақтау қағазымен марапатталды.

МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕР БІЛІМ ОРДАЛАРЫМЕН ҚОШТАСТЫ.
Бүгін «Рақымжан Қошқарбаев атындағы#44 орта мектеп»ШЖҚ МКК — де мектеп бітіруші түлектер үшін»Мектебім,саған мың алғыс!» тақырыбында іс шара өтті.
Биыл 2023-2023 оқу жылын 1018 оқушы аяқтаса, оның ішінде 39 оқушы-11 сынып түлектері.
Мектеп директоры — Култаева Ляззат Муханбетовна ұстаздар,ата- аналар мен оқушыларды мерекелерімен құттықтап, мектеп бітіруші түлектерге ақ тілегін жеткізді.
Салтанатты шарада мемлекеттік Гимн орындалып, оқушылар ұстаздары мен мектептеріне ән- жырларын арнады.
Соңғы қоңырауды мектептің «Алтын белгіге»үміткері 11″Ә» сынып оқушысы Русланқызы Адель мен Нығметолла Нұртілек және 11″А» сынып оқушылары Убабаев Арман мен Ортнер Анастасия соқты.

Мектебімізде жылдық қорытынды педагогикалық кеңес » Проблемалар чемпионаты» тақырыбында жүргізілді. Мұғалімдер топқа бөлініп, жыл бойына жасаған жұмыстарын саралай келе, туындаған қиындықтар-проблемаларды айқындап, оның шешу жолдарын ұсынды. Осы жұмыстар нәтижесінде келесі оқу жылына қойылатын мәселелер, мақсат пен міндет айқындалды.

23.05.2024 ж Мектебімізде Бастауыш буын және Баяндауыш буын оқушыларының арасында «Жұлдызды шеру» атты кешіміз өтті. Осы бір оқу жылында үздік оқыған,спорттық олимпиада жүлдегерлері және пәндік олимпиада жеңімпаздары грамота және марапат қағаздармен марапатталды

21 мая 2024 года в Астане подвели итоги республиканского экологического конкурса, главным событием которого стала высадка дубовой аллеи в столичной средней школе № 44. Эта аллея стала главным подарком организаторов за победу в конкурсе «Вырасти свой сад». Экологическая инициатива является частью большого образовательного проекта «Школа здорового питания», который реализуется в Казахстане с 2013 года при поддержке Методического центра акимата г. Астаны и Научно-методического центра новых технологий в образовании г. Алматы.

БАТЫР ЕСІМІ БЕРІЛДІ: АСТАНАДАҒЫ №44 МЕКТЕП ЕНДІ РАҚЫМЖАН ҚОШҚАРБАЕВ АТЫНДА

Астанадағы №44 орта мектепке Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мұндағы мақсат – келешек ұрпаққа үлгі етер тұлғалардың өмірі мен тарихын, ерлік-еңбектерін кеңінен насихаттау.

Мектепте Рақымжан Қошқарбаев атындағы алғашқы әскери патриоттық кабинет те ашылды. Мұнда батырдың өмір тарихы және марапаттарымен танысуға болады. Сондай-ақ келушілер назарына батырдың фотосуреттері қойылған.

Батыр есімін иемденген оқу ордасында бүгінде 1000-нан астам оқушы білім алады.

«Бұл – мектеп үшін үлкен мереке. Білім ордасына батырдың есімі берілгенін мақтан тұтамыз. Келешекте біздің оқушыларымыз Рақымжан Қошқарбаевтың ерліктерін жалғастыратынына кәміл сенеміз. Мектебіміздің бүгінгі миссиясы – ұлттық құндылықтар негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру», — деді мектеп директоры Ләззат Құлтаева.

«Батырдың ерлігі – ел есінде…» атты мерекелік бағдарламасы аясында бастау алған іс-шарада Рақымжан Қошқарбаевқа арналған мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты өтті.

Іс-шараға Қорғаныс министрлігі мен қалалық Білім басқармасының өкілдері, сондай-ақ педагогтер мен оқушылар қатысты.

1 сыныпқа қабылдау
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, балалар, ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап 2024-2025 оқу жылына 1 сыныпқа құжат қабылдау басталды!
ҚР БжҒМ-ң 16.10.2018 жылғы № 564 бұйрығына сәйкес, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мектептердің бірінші сыныбына қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап 1 тамызына дейін жүзеге асырылады.
1-сыныпқа 6 жастан бастап балалар ата-анасының немесе білім алушылардың заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады.
Ата-ана адын-ала мектепті белгілеп, egov.kz веb порталы арқылы және қағаз түрінде өз өтініштерін тапсыра алады.

Қажет құжаттар тізімі:
баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
026/у-3 нысаны бойынша денсаулық паспорты;
063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат (екпе картасы);
3х4 көлеміндегі фотосуреттің екі данасы

13 сәуірде Рақымжан Қошқарбаев атындағы#44 мектепте «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті.
Аталған науқанға мектебіміздің жас мамандары мен 11 сынып оқушылары ерекше қолдау білдіріп, жұмыстарды белсенді орындады .

Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын!

2024 жылдың 22 ақпаны күні №44 орта мектебінде мәдени құндылықтарды оқу-тәрбие үдерісінде бірлескен жұмыс арқылы іс-тәжірибеде қолдану мақсатында «Мәңгілік елдің мәдени құндылығы» тақырыбында эстетикалық бағыттағы (денешынықтыру, көркем еңбек, музыка) пәндерден сабақ беретін мұғалімдерге арналған қалалық семинар өткізілді. Семинарға Астана қаласы Әдістемелік орталығының әдіскерлері Даримбетов Жанболат Нагиметович, Каракеева Закира Курманбековна, Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер, дене тәрбиесі орталығының директоры Тяженов Нурлан Искандирович, орынбасары Искакова Галия Габдулманаповна және қала мектептерінің мұғалімдері қатысты.
Ұлттық құндылықтар – ұлттың қазынасы. Ұлттық құндылықты қалыптастыратын да, дамытатын да білімді, білікті кәсіби мамандар. Семинар «Халқымыздың ұлттық құндылықтары — еліміздің рухани негізі» тақырыбында мектепте жүргізіліп жатқан жобаларды таныстырудан басталса, теориялық бөлімінде денешынықтыру және музыка пәндерінің мұғалімдері «Построение нападения и защиты в группах начальной подготовки в баскетболе», «Структура тренировочного занятия в современном детско-юношеском футболе», «Оқушыларға «Асық ату» ойыны арқылы ұлттық құндылықтарды дарыту», «Музыка пәні арқылы оқушылардың мәдени құндылықтарын дамыту» тақырыбында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Тәжірибелік бөлімде «Сәндік қолданбалы өнердегі заманауи материалдардан бұйымдар жасау, «Гипспен жұмыс түрлері», «Қазақтың қолөнерінің құндылығының бірі — тоқу, өру және жүнен түрлі бұйымдар жасау», «Түрлі материалдарды қолдана отырып гүл шоғын жасау» тақырыптарында мұғалімдермен бірлесе отырып шеберлік сыныптары өтті.

Жаңа қосымша ғимараттың біздің оқушылар мен мұғалімдеріміз үшін, мектебіміздің тарихындағы жаңа тарауды бастауға және де оқушыларымыздың биік белестерге жетуіне себепші боларына сеніміміз мол!

Мы полны энтузиазма и готовы начать новую главу в истории нашей школы, поддерживая и вдохновляя наших учеников на достижение больших высот! Это значимое событие для нашей школы, которое принесет много возможностей и улучшений в образовательной среде наших учеников.

Ұжымымыз үшін осындай айтулы күні, 44 орта мектебінің жаңа ғимаратын салынуын жүзеге асырғаны үшін, Ел басына, оқу-ағарту министрлігіне және де Астана қаласы әкімдігіне шын жүректен алғысымызды білдіргіміз келеді.
Бұл бастама болашаққа қуанышпен қарауға және оқушыларымызға ең жақсы білім беруге мүмкіндік береді.
Біздің қоғамның болашағы мен жаңа ұрпақтың дамуына деген зор қамқорлығыңыздың көрінісі. Жаңа мектеп ғимараты, қазіргі заманғы білім беру орталығы ғана емес, сонымен қатар мақтаныштың көзі.
Білім беруді дамытуға назар аудара отырып, біздің балалар қазіргі заманғы оқу ортасына қол жеткізе алады. Жаңа мектеп ғимараты әр оқушының интеллектуалды және рухани өсуіне негіз болатынына сенімдіміз.
Осы маңызды жобаны жүзеге асырғаны және қолдағаны үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Бұл қала және оның тұрғындарына арналған адал қызмет ешқашан ұмытылмайды.
Құрметпен, 44 мектеп ұжымы

Айналайын балалар!

👮‍♀️Сіздерге үйге кіреберісте, подъезде сақталуы тиіс қауіпсіздік шараларын ұсынамыз. Әрқашан сақ жүріңіздер, күдікті әрекеттер байқасаңыздар, дереу ересектерге ескертіңіздер!

☎️ Естеріңізде болсын, сіздер әрқашан 102 немесе 111 шұғыл көмек нөміріне хабарласа аласыздар.

https://t.me/oqu_agartu/11042

https://t.me/oqu_agartu/11043


Добавить комментарий