Құрметті ата-аналар!
Біздің Бүлшіндермектебіне қабылдау басталғанын қуана хабарлаймыз.
Егер Сіздің балаңыз 5 пен 6 жас аралығында болса, және де Сіз оған ең үздік бастамасын жасағыныз келсе,бізге қош келдіңіз!
- Тәжірибелі педагогтармен интерактивті сабақтар.
- Ойындар мен шығармашылық арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
- Сөйлеу және математикалық дағдыларды дамыту бойынша сабақтар.
- Жайлы және қауіпсіз атмосфера.
- Әр балаға жекелей тіл табу.
- Оқыту мерзімі: 2024 жылғы 3 маусым – 28 маусым аралығы.
- Сабақтар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 13:00-ға дейін өткізіледі.
- Топтың құрамы 10 адамға дейін.
- Мекенжай: Нұрлыжол,8
- Бағасы: тегін, 626 тг тамақтану
+7 707 777 5877
Балдәурен-2024
03.06.2024 күні Рақымжан Қошқарбаев атындағы №44 орта мектеп ШЖҚ МКК мектеп ауласында «Балдәурен» лагерінің салтанатты ашылуы болып өтті.Мақсаты: оқушылардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуын тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдай жасап, балалардың мерекелік көңіл-күйін көтеру. Лагерьге 1-4 сынып оқушылары және лагерь қызметкерлері мен құрметті қонақтар қатысты. Лагерьде 1-4 сынып оқушылары 4 жасақ 120 баладан құралды. Ашылу мерекесін мектеп директоры Култаева Л.М. құттықтап, бүлдіршіндерді алаңға белсене қатысып, бос уақытын тиімді пайдалану жолдарын айтты. Салтанатты ашылуда сайқымазақ, мыстан әже, қарақшы, сотқар бала, цыган кейіпкерлерін сомдаған ұстаздар балаларды қызықтырып, ойындар ойнатып, ән айтқызып,би билетіп, соңында тәттілер таратты. «Менің нұрлы қалам» асфальтта сурет салу байқауымен жалғасты. Жақсы салған балаларды мақтау қағазымен марапатталды.
Балдаурен лагері аясында оқушылар «Менің нұрлы қалам» тақырыбында асфальтта сурет салды🎨
04.06.2024 күні балдәурен лагері. Мектеп жанындағы «Балдәурен» демалыс лагарінің жазғы демалыс лагеріне күнделікті сағат 9:00 таңғы жаттығудан бастап, мектеп медбикесі балалардың денсаулығы мен тазалығын тексеру жүргізеді. Таңертеңгілік бой жазу жаттығулары орындалады.
📌Таңғы жаттығудан балалардың бойында ашылмай жатқан сан қырлы таланттарын ұштап, өрбітуге мүмкіндік беру мақсатында үйірмелерге барды.
📌Вокал үйірмесінде балалар ән айттып, қызуғышылықтары артты. Балалардың жан-жақты дамуына, психологиялық мінез-құлықтың дұрыс қалыптасуына хор құрамында ән айту өнері үлкен әсер етеді.
📌«Жас суретші» сурет үйірмесіне қатысты. Оқушыларды бейнелеу өнері мен қолөнер арасындағы байланыстағы түрлі әдіс-тәсілдерді жете меңгеруіне мүмкіндік берілді. Бүгінгі сабақта мұғалім оқушыларға сурет салғызып, қолдарына хнамен сурет салуды үйретті. Оқушыларға қолдарына хнамен сурет салу ұнады.
📌Келесі үйірме салауатты өмір салты дағдылары мен дене тәрбиесі мәдениетінің жоғары деңгейін және теріс әсерлерге қарсы тұра алу қабілетін қалыптастыру мақсатында осы спорт үйірмесін ұйымдастырдық. Таза ауада түрлі спорттық ойындар ойнап балалар біраз сергіп қайтты.
Үйірме жұмыстарынан кейін «Ас адамның арқауы» түскі астарын ішті. Түскі астан кейін әр жасақ Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктеріннығайту, Рәміздердің пайда болу және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерін дамыту мақсатында рәміздер күніне орай сыныпқыт іс-шаралар өткізді.Әр ұстаз өз сабақтарында Отансүйгіштік, адамгершілік, халқына адал қызмет ету, елінің рәміздерін қастерлеу қасиеттері арқылы сүйіспеншілік, жалпыадамзаттық құндылығына тәрбиелей білді.
📌Бүгін 05.06.24. «Қазына іздеу» күні. Күнімізді әдеттегідей күнімізді таңғы жаттығумен бастадық.
📌Таңғы жаттығуымыздан кейін «Қазына іздеу» ойынын 4 жасақ ойнады. Мақсаты: Қазына іздеуге талпыныстары арқылы балаларды қырағылыққа, ізденімпаздыққа баулу. арттыру. Әр түрлі кедергілерден өту жолын үйрету. Балалар түрлі кедергілерден өтіп, қазына жасырылған жердегі соңғы тапсырманы орындай отырып қазынаны табады. Балаларға ойын қызықты болды.
📌Ойыннан кейін оқушыларымыз арнайы шақырылған планетари көрсетілімін тамашалады. Қиялға қанат бітіретін ғаламаттың бірі өзінің құпиясын әрі барлық қыры мен сырын ішіне бүгіп жататын шеті мен шегі жоқ аспан әлемін тамашалады.
Мектебімізде мектеп алды даярлық тобы Балақай мектебі өз жұмысын жүргізіп, кішкентай бүлдіршіндерді мектепке дайындауда.
Сабақ барысында логикалық тапсырмалар мен қызықты ойындар,қимыл қозғалыс жаттығуларын жасау арқылы балаларға білім беруде. Топта 10 оқушы бар.
06.06.2024.ж Балдауреу лагері.
Бүгінгі күн “Қызықты балалық шақ” деп аталады. Күнделікті таңғы жаттығуымызды орындадық.
Таңғы жаттығуымыздан кейін арнайы автобуспен, және жол патрульдік полиция көлігі бастауымен қаладағы «Мико» балалар ойнайтын кешенге саяхатқа барды.
Балалардың өсіп-жетілуі мен ой-өрісінің қалыптасуы үшін қимыл-қозғалыста болып, ойын ойдаудың да маңызы бар. Ойын-сауық орталықта балалар уақыттарын қызықты да, көңілді өткізуіне арналған батутты аймақ, лабиринттер, ойын комплекстері, мен сырғанақ, өрмелеуіш сынды заманауи үлгідегі ойын құрығыларымен ойнап, көңілдерін көтерді.
07.06.2024 ж Бұл күн бізде «Кітап оқу» күні.
Күнімізді әдеттегідей таңғы жаттығу жасаудан бастадық.
📌Мақсаты бала организмін «ояту», оны әрекетшіл қалыпқа келтіру, жан — жақтылыққа, бірақ бұлшық ет жүйесіне жайлап ықпал ететіндей, организмнің жүрек, тынысы және басқа функцияларының қызметін белсендіру, ішкі органдар мен сезім органдарының жұмысын стимулдау жүрістің жақсы қалыптасуына ықпал ету, Таңертеңгі жаттығу балалар лагерінде күнді ұйымдасқан түрде бастауға мүмкіндік береді, күн кестесін дәл орындауға ықпал етеді.
📌Таңғы жаттығудан кейін балалардың төзімділік, жылдамдық, күш, ептілік және икемділік сияқты дамытуға көзделген әр топ өз жасақтарында ойындар өткізді. Командалық ойындарда физикалық қасиеттерінің дамуымен ықпал етті.
📌Халқымыз әр ғасырда ел даналары мен замана тұлғаларының өзінен кейінгі ұрпаққа қалдырып отырған ұлағатты және тәрбиесі мол өнегелерін кітаптан алған. Кітаптың рухани қазына аталуы да сондықтан. Бүгін біз осыған орай лагерь оқушыларын кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру мақсатында тұрғылықты жерімізде орналасқан кітапханаға саяхат жасадық.
📌Сонымен қоса бүгін үйірме жұмыстары болды. Психологиялық тренинг, бейнелеу өнері , вокал, шебер қолдар үйірмелеріне қатысып күнделікті жасаған жұмыстары бойынша марапатталып отырды.
10.06.2024.
Бүгінгі күн “Үйірмелер” күні деп аталады. Таңғы жаттығудың пайдасы балалардың қан айналым жүйесінің қалыпты қызметіне ықпал етіп,түрлі аурулардың алдын алады.
Таңғы жаттығуымыздан кейін жоспарымыз бойынша балалардың бойында ашылмай жатқан сан қырлы таланттарын ұштап, өрбітуге мүмкіндік беру мақсатында үйірмелерге барды.
1. Вокал үйірмесінде балалар ән айттып, қызуғышылықтары артты. Балалардың жан-жақты дамуына, психологиялық мінез-құлықтың дұрыс қалыптасуына хор құрамында ән айту өнері үлкен әсер етеді.
2. «Жас суретші» сурет үйірмесіне қатысты. Оқушыларды бейнелеу өнері мен қолөнер арасындағы байланыстағы түрлі әдіс-тәсілдерді жете меңгеруіне мүмкіндік берілді. Бүгінгі сабақта мұғалім оқушыларға сурет салғызып, қолдарына хнамен сурет салуды үйретті. Оқушыларға қолдарына хнамен сурет салу ұнады.
3. Келесі үйірме салауатты өмір салты дағдылары мен дене тәрбиесі мәдениетінің жоғары деңгейін және теріс әсерлерге қарсы тұра алу қабілетін қалыптастыру мақсатында осы спорт үйірмесін ұйымдастырдық. Таза ауада түрлі спорттық ойындар ойнап балалар біраз сергіп қайтты.
Үйірме жұмыстарынан кейін «Ас адамның арқауы» түскі астарын ішті.
Түскі астарын ішкеннен кейін өз жасақтарында танымдық ойындар ойнату арқылы оқушылардың қызығушылықтарын дамытты.
Айналадағы әлемді ойын, еңбек, серуен, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде тәрбиешімен, ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынас кезінде танып біледі. Осындай жетістіктерге жету үшін тәрбиеші алдында тұрған баланың мінез кұлқын, сана-сезімінің жетілу дәрежесін таным үрдістерінің (түйсігі, қабылдауы, ес, ойлау,сөйлеу, зейінінің) дұрыс бағытта қалыптасып, дамуын қадағалап әpi дамытып отыру керек.
Балалардың таным мүшелерін және де шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында танымдық-шығармашылық ойындар колданудың маңызы зор.
11.06.24. “Денсаулық” күні. Күнімізді әдеттегідей күнімізді таңғы жаттығумен бастадық.
Таңғы жаттығуымыздан кейін Қ.Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған “Менің халқым менен жоғары” презентациялық көрсетілім тамашалады. Бүгін қазақ халқының біртуар азаматы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығы қарсаңында ғалымның өмірі мен қызмет жолына арналған «Рухани жаңғыру: тұлға тағылымы» атты бейнебаян көрді, презентациялы көрсетілім көрді.
Презентациялық көрсетілімді тамашалағаннан кейін судағы қауіпсіздік ережелерін қайта естеріне түсіріп, техника қауіпсіздігі ережерін тыңдады. Содан кейін «Шынықсаң шымыр болрсың» демекші “Алатау” спорт кешеніне бассейнге шомылуға барды.
Бассейн физикалық тұрғыдан дамуына көмектеседі, күшті бұлшықет шеңберін жасайды, тірек-қимыл жүйесі ауруларының алдын алады, дененің төзімділігін арттырады, тыныс алу гимнастикасын алмастырады, жүрек-тамыр жүйесіне пайдалы әсер етеді.
Бүгін 12.06.24. «Кинотеатрға саяхат» Күнімізді әдеттегідей күнімізді таңғы жаттығумен бастадық. Таңертеңгі жаттығумен жүйелі айналысушыларда ұйқышылдық жоғалады, эмоционалдық өрлеу басталады, ең қабілеттілігі артады, балаларды тәртіптендіреді.
Таңғы жаттығуымыздан кейін «CINEMA 7» кинотеатрына саяхатқа аттандық. бала үнемі белсенді болып, оған бәрі қызық болған кезде, мультфильм баланың қызығушылығын оятуға көмектеседі және ата-анасына әр түрлі жұмыстарға көмектесуге тәрбиелейді. «10 өмір» деп аталатын жақсы мультфильм — мейірімділікке, сүйіспеншілікке, достыққа үйрететін мультфильм.
Кинотеатрдан келгеннен кейін балалар түскі астарын ішті.
Түскі астарын ішкеннен кейін жазғы 50 іс-шаралар жоспары бойынша «Спорт сенің серігің» тақырыбы бойынша спортзалда спорттық эстафета ұйымдастырдық.
Мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттай отырып эстафета спорттық ойынын дамыту және оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту.
Бүгін 13.06.24. «Жас суретшілер» күні Күнімізді әдеттегідей күнімізді таңғы жаттығумен бастадық. Көңілді әуенмен орындаған жаттығу балалардың балалардың жандарын жадыратып, бойларын сергітті.
Таңғы жаттығуымыздан кейін жазғы 50 іс-шаралар жоспары бойынша «Бір аспан астында» тақырыбында сурет салу конкурсын өткіздік. Кіші топтар асфальтта сурет салды, жоғары топтар А4 қағазына салды. Мақсаты: Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету. Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру. Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Сосын ауыл ауыл сыртына саяхатқа шықты. Балалардың қоршаған әлемді сезінуге және тануға деген қызығушылығын арттыру мақсатында оқушыларға арнайы саяхат ұйымдастырылды, өздеріне жаңалық ашып, сіз өзіңізге мүлдем өзгеше тәжірибе алды. Бұл белгілі бір жағдайларда ғана келетін өмірлік сабақтар. Соныменауыл сыртына саяхаттап, ойындар ойнап, төсеніштерін төсеп, тамақтанып, көңілді мектепке оралды.
Бүгін 14.06.24. «Лагердің салтанатты жабылу» күні. Күнімізді әдеттегідей күнімізді таңғы жаттығумен бастадық. Мектеп жасындағы баланы дене жағынан тәрбиелеу ерекше орын алады. Бүгін 14.06.24. «Лагердің салтанатты жабылу» күні. Күнімізді әдеттегідей күнімізді таңғы жаттығумен бастадық. Мектеп жасындағы баланы дене жағынан тәрбиелеу ерекше орын алады.
Таңғы жаттығуымыздан кейін оқушыларымызбен Шынар мұғалім оқушылардың бір-бірлерімен тіл табысуға, ойымен санасуға, пікір таласуға үйрету мақсатында мұғалім психологиялық тренинг өткізді.
Содан кейін жазғы 50 іс-шаралар жоспары бойынша «Шығармашылық мүмкіндіктер әлемі» тақырыбында лагердің салтанатты жабылу ертеңгілігі балалар фисивальі түстер мерекесі ұйымдастырылды. Төрт жасақ төрт түрлі түсті таңдап, сол түскте киініп өз өнерлерін көрсетті.
«Балдәрен» лагеріне келген әрбір оқушыны алдымен жақсылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, үйренді. Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуын мен тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру, салт – дәстүрін дамыту, Отан сүйгіштік – патриоттық сезімін арттыра отырып, лагеріміздің бірінші кезеңі осылайша аяқтадық.
Балақайлар сыныбы.
Балалар онға дейін тура кері санау, сандарды салыстыру, сурет салу, моториканы дамытуға арналған жаттығулар жасап, әртүрлі дамыту жұмыстарын жүргізді.
17.06.2024. «Қош келдіңдер, балдырғандар!». «Балдәурен» лагерінің ІІ-кезеңінің ашылуы болып өтті. Мақсаты: лагерге келген жаз мезгіліндегі демалысын тиімді пайдалануға үйрету, жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуы мен тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдай жасап, балалардың мерекелік көңіл күйін көтеру. Ертеңгілігіміздетәрбиешілер құттықтап, бүлдіршіндерді бүгінгі іс-шараға белсене қатысып, бос уақыттарын тиімді жолдарымен және осы кезеңнің жоспарымен таныстырып өтті. Сайқымазақтарды сомдаған ұстаздар балаларды қызықтырып, ойындар ойнатып, ән айтқызып, би билетіп балалардың көңіл күйлерін көтерді.
Түрлі тапсырмалардан құралған ойындар ойнатты. Сайқымазақтар балалармен бірге ойнау барысында ересектер ойынның сюжетін бұзбай, ойландырар сұрақтармен толықтырып, көздеген мәреге жеткізетін ойындар ойнатты.
Лагердің салтанатты ашылуынан кейін өз жасақтарында танысу, техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды. Тәрбиешілер танымдық ойындар ойнатты.
18.06.24. «Сөнбейтін жұлдыздар жарығы» күні. Күнімізді әдеттегідей күнімізді таңғы жаттығумен бастадық. Таңғы жаттығу кез келген адамға, ересек адамға да, балаға да пайдалы.
Таңғы жаттығуымыздан кейін С.Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған «Сөнбейтін жұлдыздар жарығы» әдеби клуб жұмысы болып өтті. Бұл шара қазақ халқының біртуар ұлы Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығын атап өту аясындатұйымдастырылды. Мақсаты: соңында сырлы да сазды поэзия қалдырған ақын, ғұмырын елінің жарқын болашағы үшін күресуге жұмсаған қоғам қайраткері С.Сейфуллиннің шығармаларын, саяси-қоғамдық қызметтерін, азаматтық тұлғасын балалар арасында насихаттау.
Әдеби кешіміз аяқталғаннан кейін «Алатау» спорт кешеніне бассейнге бардық. Шомылу демалу мен тынығудың бір түрі. Шомылу денсаулықты күшейтеді. Бұлшық еттің өте белсенді қозғалысын тудырады, мұның өзі бүкіл ағзаға, ең алдымен қозғалыс және жүріс-тұрыс мүшелері жүйесіне пайдалы.
19.06.24 «Ұлы ашылулардың ізімен» білім марафоны күні. Мектеп жанындағы «Балдәурен» демалыс лагарінің жазғы демалыс лагеріне күнделікті сағат 9:00 таңғы жаттығудан бастап, мектеп медбикесі балалардың денсаулығы мен тазалығын тексеру жүргізеді. Таңертеңгілік бой жазу жаттығулары орындалады.
Таңғы жаттығудан балалардың бойында ашылмай жатқан сан қырлы таланттарын ұштап, өрбітуге мүмкіндік беру мақсатында үйірмелерге барды.
Вокал үйірмесінде балалар ән айттып, қызуғышылықтары артты. Балалардың жан-жақты дамуына, психологиялық мінез-құлықтың дұрыс қалыптасуына хор құрамында ән айту өнері үлкен әсер етеді. Александр мұғалім балаларға жеке-жеке ән айтқызып, жеке әнге деген қабілеттерін ашты.
2. «Жас суретші» сурет үйірмесіне қатысты. Оқушыларды бейнелеу өнері мен қолөнер арасындағы байланыстағы түрлі әдіс-тәсілдерді жете меңгеруіне мүмкіндік берілді. Бүгінгі сабақта мұғалім оқушыларға сурет салғызып, түстерді, көлеңкені қалай бояу керектігін үйретті. Оқушыларға өз қолдарынан шыққан туындылары өздеріне ұнады.
Үйірмелерден кейін жоспарымыз бойынша «Ұлы ашылулардың ізімен» білім марафоны болып өтті. Мақсатымыз оқушылардың ой-өрісін дамытып, білім деңгейін көтеру, шығармашылық ізденісін қалыптастыру, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасатуға үйрету, патриотизм сезімін қалыптастыру. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу дағдыларын, өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру. Оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау болды.
20.06.24. «Аспан әлеміне саяхат» Планетарий күні.Дененің саулығына жағымды әсер ететін шаралардың бірі-таңертеңгі жаттығу. Әдеттегідей күнімізді бала қабылдап, таңғы жаттығудан бастадық.
Таңғы жаттығуымыздан кейін таза ауада ойындар ойнатылды. Таза ауадағы балалар ойыны тек жағымды ойын-сауық қана емес, сонымен қатар организмнің физикалық және ақыл-ой дамуының маңызды аспектісі болып табылады. Кез келген бала дәрігері балалармен ашық ауада ойнау иммунитетті нығайтуға және суық тиюге төзімділікті арттыруға көмектеседі дейді. Ал таза ылғалды ауа әсіресе таңертегі ауа тыныс алу органдарының тітіркендіретін жөтелмен бірге жүретін жұқпалы ауруларын емдеудің міндетті шарттарының бірі болып табылады.
Таза ауада ойнағаннан кейін аспан әлеміне саяхат Планетарийге келді.
Қиялға қанат бітіретін ғаламаттың бірі өзінің құпиясын әрі барлық қыры мен сырын ішіне бүгіп жататын шеті мен шегі жоқ аспан әлемі десек, қателесе қоймаспыз. Түнгі жұлдызды аспан, көк жүзіне қонақтаған әсем ай, құс жолындай сағымданған Жетіқарақшы, таң ата туатын Шолпан жұлдыз балалардың арманын алысқа самғатты. Жеті қабат көктің сырын білуге бала біткеннің бәрі де құштар болғаны айдан анық. планетарий осы армандар мен қиялдарды одан әрі ұштауға, жасөспірімдерге тылсым әлемнің тынысын сезінуге көмектесті.
Планетарийден кейін балалар түскі астарын ішті. Түскі астарын ішіп болған соң ертеңгі күннің жоспарымен танысып, үйлеріне қайтты.
21.06.2024. Кітапханаға саяхат күні.
Күнімізді бала қабылдап, таңғы жаттығу жасаудан бастадық.
Жасөспірімдер сапқа тұрып, таңғы жаттығу жасап, бір сергіп алды да, жоспарымыз бойынша үйірмелерге кезекпен барды.
Сурет үйірмесінде балалар көркем суреттер салды. Көркем суретпен балалар рахаттана айналысады. Көркемсурет оларға қуаныш сыйлайды. Бала сурет салғанда тек қоршаған ортаны ғана суреттеп қоймайды, қиялдайды.
Спорттық үйірмелерді ұйымдастырудың негізгі міндеті дене шынықтырудың жаттығулары арқылы дене бітімінің дұрыстығы мен мықтылығын қимыл қозғалыстарды игерудегі іскерлігі мен дағдысын дененің сапалық қасиеттерін дамыта түсу болып саналады. Спорттық үйірмелерде спорттық жарыстар, спорттық оқу жұмыстарын қорытындылау, спорттық үгіт насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында жүргіздік.
Вокал үйірмесіне де кезекпен келді. Вокал үйірмесінде жеке әндермен бірге балаларға музыка да тыңдатылады. Музыкамен айналысу барысында балалардың ойлау қабілеті белсендіріледі, зейіндері тұрақталады.
Бұдан кейін балаларпсихологиялық тренинг үйірмесіне барды. Тренингтің нәтижесінде жасөспірімдердің өзара тұлғааралық қырлары жаңаша ашылады, эмпатия деңгейі және басқа адамдардың күйзелісін сезіну деңгейі артады, өзі туралы білімі кеңейеді, өзін-өзі тексеру және өзін-өзі реттеу қабілеті күшейеді.
Жоспарымыздың келесі кезеңі бойынша «Оқуға құштар мектеп» аясында оқушылардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында кітапханашымен келісіп, тұрғылықты жеріміздегі кітапханаға саяхатқа апардық.
Р.Қошқарбаев атындағы #44 орта мектеп жанындағы “Балдәурен” сауықтыру лагерінің І кезеңіндегі оқушылары Астана қаласы әкімдігінің “Орталықтандырылғын кітапханалар жүйесі” №7 көпшілік кітапханасына саяхатқа барды. Кітапханада Аға кітапханашысы Мирзамирова Шынар балаларға кітап көрмесін ұйымдастырып, кітапханадан кітап алу ережелерімен таныстырып, балаларға кітаптан ертегі оқытқызып, түсінген үзіндіден сурет салу сияқты жұмыстар жүргізді.
Р.Қошқарбаев атындағы #44 орта мектеп жанындағы “Балдәурен” сауықтыру лагерінің ІІ кезеңіндегі оқушылары Астана қаласы әкімдігінің “Орталықтандырылғын кітапханалар жүйесі” №7 көпшілік кітапханасына саяхатқа барды. Кітапханада Аға кітапханашысы Джумказиева Гаухар балаларға кітап көрмесін ұйымдастырып, кітапханадан кітап алу ережелерімен таныстырып, балаларға кітаптан ертегі оқытқызып, түсінген үзіндіден сурет салу сияқты жұмыстар жүргізді.
24.06.2024. «Ғажайыптар орнағанда…» қызықты шытырманға толы күн.
Күнімізді бала қабылдап, таңғы жаттығу жасаудан бастадық.
Жасөспірімдер сапқа тұрып, таңғы жаттығу жасап, бір сергіп алды . Таңғы жаттығудан кейін оқушылар жоспар бойынша жұмыстарын өз топтарында жалғастырды.Топ жетекшілері оқушыларға күнделікті бағдарламалар мен алдын-ала жасалынған кесте бойынша тақырыптық ақпараттармен, танымдық мәліметтермен ,қызықты деректермен бөлісті.Балалармен ойын сауық орталығына барар алдында қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды.
Балалармен бірге «Ғажайыптар орнағанда…» қызықты шытырманға толы күндері болсын деп ойын сауық орталығына саяхаттауға апарылды.
Мектепке келгеннен кейін аз уақытқа демалып алып, тамақтануға барды.
25.06.2024. «Үйірмелер» күні.
Күнімізді әдеттегідей бала қабылдап болған соң таңғы жаттығудан бастадық.
Сурет үйірмесінде балалар көркем суреттер салды. Көркем суретпен балалар рахаттана айналысады. Көркемсурет оларға қуаныш сыйлайды. Бала сурет салғанда тек қоршаған ортаны ғана суреттеп қоймайды, қиялдайды.
Спорттық үйірмелерді ұйымдастырудың негізгі міндеті дене шынықтырудың жаттығулары арқылы дене бітімінің дұрыстығы мен мықтылығын қимыл қозғалыстарды игерудегі іскерлігі мен дағдысын дененің сапалық қасиеттерін дамыта түсу болып саналады. Спорттық үйірмелерде спорттық жарыстар, спорттық оқу жұмыстарын қорытындылау, спорттық үгіт насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында жүргіздік.
Вокал үйірмесіне де кезекпен келді. Вокал үйірмесінде жеке әндермен бірге балаларға музыка да тыңдатылады. Музыкамен айналысу барысында балалардың ойлау қабілеті белсендіріледі, зейіндері тұрақталады.
Бұдан кейін балаларпсихологиялық тренинг үйірмесіне барды. Тренингтің нәтижесінде жасөспірімдердің өзара тұлғааралық қырлары жаңаша ашылады, эмпатия деңгейі және басқа адамдардың күйзелісін сезіну деңгейі артады, өзі туралы білімі кеңейеді, өзін-өзі тексеру және өзін-өзі реттеу қабілеті күшейеді.
Жоспарымыздың келесі кезеңі бойынша «Оқуға құштар мектеп» аясында оқушылардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында кітапханашымен келісіп, тұрғылықты жеріміздегі кітапханаға саяхатқа апардық. Кітапханашы кітапхана ауласына кітап көрмесін ұйымдастырды.
26.06.2024. «Шынықсаң шымыр боларсың» Алатау спорт кешеніне бассейнге бару күні.
Таңертеңгі жаттығулардың маңыздылығын білу, таңғы жаттығуға уақыт арнаса, уақыт үнемдейтінін ұғындыру, таңертеңгі жаттығуларды жасауға дағдылану мақсатында әдеттегідей бала қабылдап болған соң күнімізді таңертеңгі жаттығудан бастадық.
Таңғы жаттығудан кейін Алатау спорт кешеніне бассейнге бардық. Шомылу, әдетте, бұлшық еттің өте белсенді қозғалысын (жүзу, қозғалу және суда ойнау) тудырады, мұның өзі бүкіл ағзаға, ең алдымен, қозғалыс және жүріс-тұрыс мүшелері жүйесіне пайдалы. Жалпы шомылу денсаулықты күшейтуге ықпал етеді, қан және лимфа айналымын, жүйке-бұлшық ет аппаратының жұмысын жақсартады, тынысты кеңейтіп, жылу алмасу механизмін жетілдіреді. Белгілі бір тәртіпті сақтаған жағдайда үнемі шомылу ағзаны шынықтырудың және суық тиюден болатын аурулардың алдын алудың тиімді жолы болып табылады.
Осылайша бассейннен мектебімізге келіп, түскі астарын ішті. Тамақтану — баланың физиологиялық және психологиялық өсу үдерісінің қалыпты, дұрыс өтуін қамтамасыз ететін маңызды факторлардың бірі.
27.06.24. «Қазына іздеу» ойыны күні.
Күнімізді әдеттегідей күнімізді таңғы жаттығумен бастадық. Таңғы жаттығу кез келген адамға, ересек адамға да, балаға да пайдалы.
Таңғы жаттығудан кейін балалар өз топтарында пазл құрастыру, баншя құрастыру сияқты танымдық ойындар ойнады. Пазлдар —мектеп жасындағы балаларға арналған танымдық дидактикалық ойын. Дидактикалық ойын “Жұмбақтар” — 6-12 жас аралығындағы балалардың есте сақтау қабілеті мен ойлау қабілетін дамыту құралы.
Келесі үйірме психологиялық тренинг.
Тренинг – кәсіптік және тұлғалық қарым-қатынастағы құзіретті дамытуды көздейтін интерактивті оқытудың бір түрі. Тренинг көпшілікті оқытудың әдісі.
Келесі үйірме вокал үйірмесіне барды. Үйірменің мақсаты: вокалдық шеберлікті арттыру; музыкалық білімді жетілдру; вокалдық техникалық білімді өркендету; сахна мәдениетіне баулу; жан — жақты дамытылған тұлғаны тәрбиелеуге назар аудара отырып, кәсіби орындау шеберлігі қалыптасқан, вокал өнерін толыққанды меңгере алатын, өз бетінше жұмыс істеуге қабілетті өнер иелерін даярлау.
Үйірмеден кейін түскі астарын ішті. Түскі астан кейін «Қазына іздеу» ойыны ойнатылды. Мақсаты: салауатты өмір салты әдетін қалыптастыру; алған білімін іс-тәжірибеде қолдану машығын дамыту; мектеп жасындағы балалардың қимыл дағдыларын жетілдіру.
28.06.2024. «Дені сау ұрпақ – ертеңіміздің болашағы» спорттық сайыс күні. Таңертеңгі жаттығулардың маңыздылығын білу, таңғы жаттығуға уақыт арнаса, уақыт үнемдейтінін ұғындыру, таңертеңгі жаттығуларды жасауға дағдылану мақсатында әдеттегідей бала қабылдап болған соң күнімізді таңертеңгі жаттығудан бастадық.
«Дені сау ұрпақ –елдің ертеңгі жалғасы» тақырыбында балалардың денсаулығын нығайтуда спортқа әуестендіріп, күн тәртібі ережелерін сақтай білуге, жаңа инновациялық жолдар арқылы шынықтырып, саламаттылыққа тәрбиелеу мақсатында спорттық сайы өткіздік.
Спорттық сайысымыздан кейін мектеп дәрігерлері оқушылармен «Дені сау ұрпақ – ертеңіміздің болашағы» тақырыбында әңгіме, слайд презентация, видио көрсетілімін көрсетті.
Тамақтану — баланың физиологиялық және психологиялық өсу үдерісінің қалыпты, дұрыс өтуін қамтамасыз ететін маңызды факторлардың бірі. Түскі асты тойып іш, кешкі асқа қарама демекші Мира апайымыз дайындаған дәмді асты ішіп, лагердің соңғы күнімен құттықтап балаларға балмұздақ тараттық.
Осылайша «Балдәурен» лагерінің екінші кезеңі аяқталды