«Мәңгілік елдің мәдени құндылығы» 22.02.2024 ж
2024 жылдың 22 ақпаны күні №44 орта мектебінде мәдени құндылықтарды оқу-тәрбие үдерісінде бірлескен жұмыс арқылы іс-тәжірибеде қолдану мақсатында «Мәңгілік елдің мәдени құндылығы» тақырыбында эстетикалық бағыттағы (денешынықтыру, көркем еңбек, музыка) пәндерден сабақ беретін мұғалімдерге арналған қалалық семинар өткізілді. Семинарға Астана қаласы Әдістемелік орталығының әдіскерлері Даримбетов Жанболат Нагиметович, Каракеева Закира Курманбековна, Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер, дене тәрбиесі орталығының директоры Тяженов Нурлан Искандирович, орынбасары Искакова Галия Габдулманаповна және қала мектептерінің мұғалімдері қатысты.
Ұлттық құндылықтар – ұлттың қазынасы. Ұлттық құндылықты қалыптастыратын да, дамытатын да білімді, білікті кәсіби мамандар. Семинар «Халқымыздың ұлттық құндылықтары — еліміздің рухани негізі» тақырыбында мектепте жүргізіліп жатқан жобаларды таныстырудан басталса, теориялық бөлімінде денешынықтыру және музыка пәндерінің мұғалімдері «Построение нападения и защиты в группах начальной подготовки в баскетболе», «Структура тренировочного занятия в современном детско-юношеском футболе», «Оқушыларға «Асық ату» ойыны арқылы ұлттық құндылықтарды дарыту», «Музыка пәні арқылы оқушылардың мәдени құндылықтарын дамыту» тақырыбында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Тәжірибелік бөлімде «Сәндік қолданбалы өнердегі заманауи материалдардан бұйымдар жасау, «Гипспен жұмыс түрлері», «Қазақтың қолөнерінің құндылығының бірі — тоқу, өру және жүнен түрлі бұйымдар жасау», «Түрлі материалдарды қолдана отырып гүл шоғын жасау» тақырыптарында мұғалімдермен бірлесе отырып шеберлік сыныптары өтті.
«Сабақты зерттеу (Lesson Study): бірлескен оқу тәжірибесі» 23.02.2023ж
2023 жылдың 23 ақпанында Астана қаласы Әдістемелік орталығының және №44 орта мектебінің ұйымдастыруымен «Сабақты зерттеу (Lesson Study): бірлескен оқу тәжірибесі» тақырыбында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден сабақ беретін мұғалімдерге арналған (математика, алгебра, геометрия, химия, биология, физика, география) қалалық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: LESSON STUDY үдерісінде белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы оқушылардың ойлау дағдыларын қалыптастыру және тәжірибемен бөлісу.
Аталған семинарды №44 орта мектебінің директоры Култаева Ляззат Мухамбетовна мен Астана қаласы Әдістемелік орталығының әдіскері Нұртаева Қанымай Өзбекбаевна ашып берді. Семинардың теориялық бөлімінде мектеп мұғалімдері «9-сынып оқушыларын емтиханға дайындау әдістері», «География пәні сабақтарында АКТ қолдану мүмкіндіктері»,
«Құндылыққа негізделген білім беру» жобасын физика пәнінде қолдану тақырыптарында өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, тәжірибелік бөлімде 9 зерттеу сабағы берілді. Зерттеу сабақтарынан соң бақылаушылар А,В,С деңгейіндегі оқушыларға толық зерделеулерін талдады. Жоспарланған сабақтарда мұғалімдер өздерінің тың идеяларымен, әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, кері байланыс жасалды.