Fail конференциясы. 19.09.2023ж
Ата- аналар жиналысы: «Мектеп+отбасы: Кездесуге қадам» . 27.09.2023ж
30.09.2023 жылы «#44 орта мектеп»КММ — де ата- аналарға арналған бірыңғай ашық есік күні өтті.
Мақсаты: ата- аналарға педагогикалық — психологиялық кеңес беру.
25.11.2023ж.Ашық есік күні
Ағымдағы жылдың 30 қараша күні «#44 орта мектеп» КММ- де «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ » ақпараттық науқаны кезінде мектеп әкішілігі тарапынан тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және білім алушылардың арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа 70-тен астам ата-аналар қоғамының өкілдері қатысты. Жиналыста
балаларға зорлық – зомбылық көрсету және қатал қараудың алдын алу тақырыбында тәрбие орынбасары А.А.Сулейменова баяндама жасады.
Төтенше жағдайлар Департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының подполковнигі А.А.Жумекешов
өрт, су айдындарындағы, мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелері, жол қауіпсіздігі, мереке күндеріндегі қауіпсіздік туралы ата-аналарға тиімді ақпарат берді.
Бейәлеуметтік жүріс тұрыстың алдын – алу: психологиялық, физиологиялық зорлық, кемсітушілік сипаттағы қысымшылық, кибербуллинг және буллинг, тұрмыстық зорлық — зомбылық тақырыбында мектеп психологтары Ш.Е.Зейтказиева ,Ж.Н.Нұрболатова сөз сөйледі.
«Алматы» ауданы ПБ#1 учаскелік полиция инспекторы Р.К.Тукенов оқушылардың психоактивті заттарды қолданудың алдын алу – бұл темекі шегудің, маскүнемдіктің, нашақорлықтың зияндылығы мен қайғылы салдарын талқылау ғана емес, оларды қорқынышты қиындықтармен қорқыту емес, ең алдымен тиімді әлеуметтік бейімделу дағдылары-қарым-қатынас жасау, сонымен қатар есірткі құралдарын пайдалану, сақтау және тарату үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік туралы айтты. Көбінесе оқушылар ересектердің әрекеттерін қайталауға бейім екенін атап өтті.
Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында медицина ғылымдарының магистрі, акушер- гинеколог Г.М.Абдіхалық әлеуметтік маңызды жұқпалы аурулардың алдын алу туралы егжей-тегжейлі тоқталып, уақытылы екпе алған адамдар түрлі инфекцияларға төтеп бере алатынын айтты.
«№ 44 орта мектеп» КММ-де 1″Б» сыныбында «Мен оқушы болғанда» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Мақсаты: ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы (сенімділік білдіруі, қолдауы, үміт артуы) туралы түсініктер беру арқылы ата-аналарға кеңес беру;
Міндеттері:
— Шағын дәріс арқылы ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты ақпараттар беру;
— Ситуациядан шығу арқылы бала тәрбиесінде кездесетін қиыншылықтардың алдын алу; 12.12.2023ж
Родительское собрание. 12.12.2023ж
21 декабря в КГУ «Средняя школа#44» состоялся День Открытых дверей для родителей 1-4 классов.
Директор школы Култаева Ляззат Муханбетовна ознакомила родителей с программой обмена опытом лучших образовательных практик в Японии.
Цель программы:
Изучение образовательного и воспитательного процессов в системе развития образовательных организаций Казахстана, получить новую рефлексию от лучших профессоров Японии по «Lesson study», получить новые компетенции в организации учебной среды вне стен образовательных учреждений (музеи, доп.организации) ;
Повышение профессионального мастерства учителей;
Японская система образования по словам директора школы Култаевой Л.М. включает в себя уважение к японской культуре, традициям и ценностям. Ученики учатся не только предметам, но и ценностям, таким как уважение, дисциплина и коллективизм.
Миссия японских школ — воспитание лидеров. Каждый ученик старается провести время в школе с пользой максимально.Также Ляззат Муханбетовна рассказала родителям о времени для чтения. В японских школах ученики могут иметь определенное время на чтение, которое называется «Тайку». Обычно это происходит утром перед началом учебного дня или во время уроков. Это время предоставляется для того, чтобы поощрить чтение и развивать интерес учеников к литературе. Цель этой практики — не только развивать навыки чтения, но и привить уважение к литературе, а также стимулировать интерес к знаниям за пределами учебной программы. Это время также служит для расслабления, отдыха и отвлечения от учебных забот. Это важный аспект японской школьной жизни, поскольку помогает ученикам найти удовольствие в чтении и развивать свой интеллектуальный потенциал.
2024 жылдың 23 ақпаныңда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК балаларды тәрбиелеу мәселесі бойынша және педагогикалық- психологиялық білім беру мақсатында «#44 орта мектеп» КММ- ң 5-11 сынып ата- аналарына арналған «Ата- ана мен бала арасындағы табысты қарым- қатынас» атты АШЫҚ ЕСІК күні өткізілді.
Астана қаласы бойынша «Әдістемелік орталығының» психологиялық сүйемелдеу бөлімінің басшысы Капанова Гульмира Кадырбаевна балалармен тиімді қарым-қатынас жасау тәсілдерімен, балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастарын үйлестіру әдістерімен бөлісті. Сондай-ақ ата-аналарға қаламыздың бес ауданында жұмыс істейтін психологиялық-консультациялық көмек көрсету кабинеттері туралы және психологтан тегін кеңес алу мүмкіндігі туралы толық ақпарат берілді. Жиналыстың практикалық бөлімінде ата-аналар балалар рөлінде болып, әсерлі бейнероликтерді көріп, осындай форматтағы кездесулер жиі ұйымдастырылса деген тілектерін білдірді.
«#44 орта мектеп» КММ- ң
мектепалды сыныбында “ Мақал-мәтел, сөз маржан” , атты педагогикалық іс-шара ұйымдастырылды.Іс- шараға балалар мен ата — аналар қатысты.
Мақсаты: Ата — бабамыздан қалған өсиет сөздерге, салмақты ой айтуға үйрету;
Ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттыру, сөздік қорын молайту; мақалдап сөйлеу мәнеріне дағдыландыру. 02.02.2024ж
ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ- Детство БЕЗ ОПАСНОСТИ онкүндігі аясында «Дұрыс тамақтану және жеке гигиена» атты ата-аналардың балалармен бірлескен іс- шарасы. 20.02.2024ж
6 мамыр күні «Рақымжан Қошқарбаев атындағы #44 орта мектеп»ШЖҚ МКК 11 сынып оқушылары мен ата- аналары «Таза Қазақстан»экологиялық акциясы аясында «Түлектердің ағаш отырғызуы» республикалық эко-челленджіне қатысып, мектеп айналасына ағаш отырғызды.
Ашық есік күні. 27.04.2023ж
Наурыздың 29 жұлдызында Астана қаласы білім басқармасының ұйымдастыруымен елорданың бір жарым мыңға жуық ұстаздары мен ата-аналарының қатысуымен отбасы мен мектептің ынтымақтастығына, жанұялық тәрбиеге бағытталған»Ұрпақ тәрбиесі — Ұлт болашағы» атты бірыңғай педагогикалық кеңес өткізілді. Осы шараға «№44 орта мектеп» КММ — нің директоры Күлтаева Л.М., директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Дюсембин Т. А., құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі менеджері Нурахметов А.Б., кәсіптік бағдар беруші- педагог Абдыгаипов Н.Н., АӘД мұғалімі Терсебаев Б.С.,мектеп психологы Жанатбекова Д.Е.,сынып жетекшілері Жумабаева К.М., Ахметова А.С., Жакишева С.К., Смайлова А.Б., Тулегенова Б.Ш., Жикишева К.Е. қатысып,балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеудің, ата-аналардың рөлінің, ересектер мен балалар арасындағы қарым-қатынасты жолға қоюдың өте маңызды мәселелерімен танысты.
19 қазан күні мектебімізде «Балалар қауіпсіздігі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.Жиналысқа Алматы ауданының ЮПД- ның подполковнигі Магзумова А.Т., төтенше жағдайлар басқармасының лейтенанты Қадырбеков С.Ж.,»ЖИТС» орталығының бас маманы Тұрымова А.Т.,»Қолдау» психологиялық қызмет көрсету орталығының әлеуметтік жұмыскері Жұматаева А.М.сынды қонақтар шақырылды. Жедел қызметкерлерінің айтуынша, оқушылардың жарақаттануы және қаза болуы көбінесе өрт шығу, жол жүру ережелерінің бұзылуы, өзен-көлдерде шомылу, жұқа мұзда конькимен сырғанау сияқты жерлерде орын алады. Балалардың кешенді қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ата-аналардың негізгі міндеті. Күнделікті өмірде балаларды қауіпсіздік дағдыларына үйрету қажеттігін атап өтті.Ата- аналар тарапынан үйде баламен жиі әңгімелесу, өмірді сақтауға көмектесетін ережелерді түсіндіру, баланың күні бойы қай жерде жүргенін білу, балаға бейтаныс адамдармен сөйлесуге рұқсат бермеу,өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, тұрмыстық құралдардың, оның ішінде электр жылытқыштардың, басқа да электр жабдықтарының, пештің дұрыс жұмыс істеуін және пайдаланылуын қадағалау т.б. сынды қауіпсіздік ережелерін түсіндіруді ұсынды. Жиналыс соңында төтенше жағдайларда 101 – өртке қарсы қызмет, 102 – полиция, 103 – жедел көмек, 104 – газ қызметі телефондарына хабарласуын өтінді . 20.10.2022ж
21 қыркүйек күні мектебімізде «Мектеп, ата-ана, бала арасындағы байланыс» атты жалпы ата-аналар жиналысы өтті. ДТІЖО Сулейменова А.А. тәрбие жұмысын ұйымдастыруды реттейтін нормативтік құқықтық құжаттарды ескере отырып, 2022-2023 оқу жылында тәрбие жұмысын ұйымдастырудың басым бағыттары туралы атап өтті. Мектебіміздің медбикесі Баймағамбетова Б.К. жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу керектігін айтып түсіндірді. Салауатты ұрпақ — біздің болашағымыз екенін ескере отырып, ата- аналар балаларының денсаулығына уақытылы көңіл аудару керектігін еске салды. Психолог Зейтказиева Ш.Е. «Педагог-психологтың негізгі қызметтері» тақырыбында баяндама жасады. ДТІЖО Дюсембин Т.А. жаңа оқу жылының басынан бастап, ата- аналарға балаларының құқық бұзушылық іс әрекеттерге жол бермеуін, мектепке кешікпей келуін, сабақтан себепсіз қалмауын және қымбат ұялы телефон ұстамауын өтінді.. ДОТІЖО Хасимова Ұ.К. жиналыстан кейін ата-аналарға мектептегі жаңадан орнатылған сандық электрондық стендтерді көрсетіп, жұмыс істеу үдерісін түсіндірді. 22.09.2022ж
Салауаттану — адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Осы орайда 5 сыныптар арасында “ӘКЕМ, АНАМ ЖӘНЕ МЕН” атты спорттық ойындар ұйымдастырылды. Іс шараның басты мақсаты — оқушы мен ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. 19.09.2022ж
Мектебімізде жоспарға сай «Отбасы- шынайы бақыт» атты апталығында “Оқуға құштар мектеп” жобасы 1 сынып білім алушыларымен өз жалғасын тапты. Ата-аналармен бірлесе өткізілген іс-шара аясында, бүлдіршіндерімізге ертегі оқылып, жұмбақтар жасырылды. Іс-шараның жоғары деңгейде өткізілуіне үлес қосқан 1Ә сынып жетекшісі Жакешева Салтанат Кенжегалиевна. 14.09.2022ж
“ОТБАСЫ-ШЫНАЙЫ БАЙЛЫҚ!” 13.09.2022ж