FAIL CONFERENCE

Ата- аналар жиналысы: «Мектеп+отбасы: Кездесуге қадам»

30.09.2023 жылы «#44 орта мектеп»КММ — де ата- аналарға арналған бірыңғай ашық есік күні өтті.
Мақсаты: ата- аналарға педагогикалық — психологиялық кеңес беру.

Ағымдағы жылдың 30 қараша күні «#44 орта мектеп» КММ- де «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ » ақпараттық науқаны кезінде мектеп әкішілігі тарапынан тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және білім алушылардың арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа 70-тен астам ата-аналар қоғамының өкілдері қатысты. Жиналыста
балаларға зорлық – зомбылық көрсету және қатал қараудың алдын алу тақырыбында тәрбие орынбасары А.А.Сулейменова баяндама жасады.
Төтенше жағдайлар Департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының подполковнигі А.А.Жумекешов
өрт, су айдындарындағы, мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелері, жол қауіпсіздігі, мереке күндеріндегі қауіпсіздік туралы ата-аналарға тиімді ақпарат берді.
Бейәлеуметтік жүріс тұрыстың алдын – алу: психологиялық, физиологиялық зорлық, кемсітушілік сипаттағы қысымшылық, кибербуллинг және буллинг, тұрмыстық зорлық — зомбылық тақырыбында мектеп психологтары Ш.Е.Зейтказиева ,Ж.Н.Нұрболатова сөз сөйледі.
«Алматы» ауданы ПБ#1 учаскелік полиция инспекторы Р.К.Тукенов оқушылардың психоактивті заттарды қолданудың алдын алу – бұл темекі шегудің, маскүнемдіктің, нашақорлықтың зияндылығы мен қайғылы салдарын талқылау ғана емес, оларды қорқынышты қиындықтармен қорқыту емес, ең алдымен тиімді әлеуметтік бейімделу дағдылары-қарым-қатынас жасау, сонымен қатар есірткі құралдарын пайдалану, сақтау және тарату үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік туралы айтты. Көбінесе оқушылар ересектердің әрекеттерін қайталауға бейім екенін атап өтті.
Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында медицина ғылымдарының магистрі, акушер- гинеколог Г.М.Абдіхалық әлеуметтік маңызды жұқпалы аурулардың алдын алу туралы егжей-тегжейлі тоқталып, уақытылы екпе алған адамдар түрлі инфекцияларға төтеп бере алатынын айтты.

«№ 44 орта мектеп» КММ-де 1″Б» сыныбында «Мен оқушы болғанда» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Мақсаты: ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы (сенімділік білдіруі, қолдауы, үміт артуы) туралы түсініктер беру арқылы ата-аналарға кеңес беру;
Міндеттері:
— Шағын дәріс арқылы ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты ақпараттар беру;
— Ситуациядан шығу арқылы бала тәрбиесінде кездесетін қиыншылықтардың алдын алу;

Родительское собрание