Бүгін «Рақымжан Қошқарбаев атындағы № 44 орта мектеп» ШЖҚ МКК - де мектеп бітіруші түлектер үшін «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбында іс шара өтті.
Биыл 2023 - 2023 оқу жылын 1018 оқушы аяқтаса, оның ішінде 39 оқушы-11 сынып түлектері.
Мектеп директоры - Култаева Ляззат Муханбетовна ұстаздар, ата - аналар мен оқушыларды мерекелерімен құттықтап, мектеп бітіруші түлектерге ақ тілегін жеткізді.
Салтанатты шарада мемлекеттік Гимн орындалып, оқушылар ұстаздары мен мектептеріне ән- жырларын арнады.
Соңғы қоңырауды мектептің «Алтын белгіге» үміткері 11 ″Ә" сынып оқушысы Русланқызы Адель мен Нығметолла Нұртілек және 11 ″А" сынып оқушылары Убабаев Арман мен Ортнер Анастасия соқты.
												РУС					
												ҚАЗ					
        
Пікірлер қосу