Меню KDT
МЕНЮ
Астана қаласы әкімдігінің "Рақымжан Қошқарбаев атындағы № 44 жалпы орта білім беретін мектеп" ШЖҚ МКК

  

Директор: 
Култаева Ляззат Муханбетовна

        

Азаматтарды қабылдау күндері:

Сейсенбі

11:00-13:00

Бейсенбі

17:00-19:00

   
Директор блогы
 
Кері байланыс


 

 

введите текст
2026 жылдың 19 ақпаны күні Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы мен Рақымжан Қошқарбаев атындағы №44 ЖОББМ ұйымдастыруымен «DARYA, SCAFFOLD» ІЗДЕНІС, ТӘЖІРИБЕ және НӘТИЖЕ тақырыбында республикалық семинар өтті. Семинардың мақсаты: SCAFFOLD құзыреттілік құралдарын оқу-тәрбие үдерісінде қолдану және алдыңғы қатарлы іс-тәжірибелермен бөлісу, оқу-тәрбие үдерісіне тиімді кіріктіру жолдарын көрсету арқылы құзыреттілік дағды, машықтарды қалыптастыру тәжірибелік алаң құру. Аталған іс-шараға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің орта білім беру комитетінің бас сарапшысы Есжанова Гулназ Мылтыкбаевна, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА «Мектепалды даярлық және бастауыш білім беру» зертханасының аға ғылыми қызметкері Бапишева Раушан Сериковна, Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталықтың әдіскері, білім сарапшысы, халықаралық тренер Хабатұлы Мадениет, Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Қоразова Майра Әлмұханқызы, Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласынан, Қостанай облысынан, Солтүстік Қазақстан облысынан, Павлодар қаласынан және Астана қаласының білім ұйымдарынан ұстаздарынан 70 ке жуық мұғалімдер қатысты. Іс-шараның 1 бөлімінде мектепте жүргізіліп жатқан жобалар, 2-ші ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМДЕ «SCAFFOLD» құзіреттілік құралдарын сабақта қолдану үлгі сабақтарында мектебіміздің 12 мұғалімі сабақ көрсетсе, 3-ші ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСТАРЫНДА республикамыздың әр өңірлерінен келген әріптестермен қызу тәжірибе алмасу болды.