Жаңа қосымша ғимараттың біздің оқушылар мен мұғалімдеріміз үшін, мектебіміздің тарихындағы жаңа тарауды бастауға және де оқушыларымыздың биік белестерге жетуіне себепші боларына сеніміміз мол!
Ұжымымыз үшін осындай айтулы күні, 44 орта мектебінің жаңа ғимаратын салынуын жүзеге асырғаны үшін, Ел басына, оқу - ағарту министрлігіне және де Астана қаласы әкімдігіне шын жүректен алғысымызды білдіргіміз келеді. Бұл бастама болашаққа қуанышпен қарауға және оқушыларымызға ең жақсы білім беруге мүмкіндік береді. Біздің қоғамның болашағы мен жаңа ұрпақтың дамуына деген зор қамқорлығыңыздың көрінісі. Жаңа мектеп ғимараты, қазіргі заманғы білім беру орталығы ғана емес, сонымен қатар мақтаныштың көзі.
Білім беруді дамытуға назар аудара отырып, біздің балалар қазіргі заманғы оқу ортасына қол жеткізе алады. Жаңа мектеп ғимараты әр оқушының интеллектуалды және рухани өсуіне негіз болатынына сенімдіміз.
Осы маңызды жобаны жүзеге асырғаны және қолдағаны үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Бұл қала және оның тұрғындарына арналған адал қызмет ешқашан ұмытылмайды.
Құрметпен, 44 мектеп ұжымы