Астана қаласы әкімдігінің Рақымжан Қошқарбаев атындағы №44 орта мектеп ШЖҚ МКК
AA+
Астана қаласы әкімдігінің Рақымжан Қошқарбаев атындағы №44 орта мектеп ШЖҚ МКК
AA+

2024 жылдың 22 ақпаны күні №44 орта мектебінде мәдени құндылықтарды оқу - тәрбие үдерісінде бірлескен жұмыс арқылы іс - тәжірибеде қолдану мақсатында «Мәңгілік елдің мәдени құндылығы» тақырыбында эстетикалық бағыттағы (денешынықтыру, көркем еңбек, музыка) пәндерден сабақ беретін мұғалімдерге арналған қалалық семинар өткізілді. Семинарға Астана қаласы Әдістемелік орталығының әдіскерлері Даримбетов Жанболат Нагиметович, Каракеева Закира Курманбековна, Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер, дене тәрбиесі орталығының директоры Тяженов Нурлан Искандирович, орынбасары Искакова Галия Габдулманаповна және қала мектептерінің мұғалімдері қатысты.
Ұлттық құндылықтар - ұлттың қазынасы. Ұлттық құндылықты қалыптастыратын да, дамытатын да білімді, білікті кәсіби мамандар. Семинар «Халқымыздың ұлттық құндылықтары - еліміздің рухани негізі» тақырыбында мектепте жүргізіліп жатқан жобаларды таныстырудан басталса, теориялық бөлімінде денешынықтыру және музыка пәндерінің мұғалімдері «Построение нападения и защиты в группах начальной подготовки в баскетболе», «Структура тренировочного занятия в современном детско - юношеском футболе», «Оқушыларға «Асық ату» ойыны арқылы ұлттық құндылықтарды дарыту», «Музыка пәні арқылы оқушылардың мәдени құндылықтарын дамыту» тақырыбында өз іс - тәжірибелерімен бөлісті.
Тәжірибелік бөлімде «Сәндік қолданбалы өнердегі заманауи материалдардан бұйымдар жасау, «Гипспен жұмыс түрлері», «Қазақтың қолөнерінің құндылығының бірі - тоқу, өру және жүнен түрлі бұйымдар жасау», «Түрлі материалдарды қолдана отырып гүл шоғын жасау» тақырыптарында мұғалімдермен бірлесе отырып шеберлік сыныптары өтті.