Астана қаласы әкімдігінің Рақымжан Қошқарбаев атындағы №44 орта мектеп ШЖҚ МКК
AA+
Астана қаласы әкімдігінің Рақымжан Қошқарбаев атындағы №44 орта мектеп ШЖҚ МКК
AA+

2024 жылдың қараша айының жетінші жұлдызында “Рақымжан Қошқарбаев атындағы № 44 орта мектеп” ШЖҚ МКК - де «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында 8, 9, 10 сынып оқушыларына жиналыс өтті. Мақсаты- құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың қауіпсіздігі, ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Міндеті - құқық бұзушылықтар, олардың салдары.
Жиналысты мектебіміздің директоры Л.М.Култаева бастап, күн тәртібімен таныстырды. Қазіргі таңдағы балалар арасында жиіленген үйден ерте сабаққа шығамын деп кетіп, мектеп аулаларында, басқа үйлердің этаждарында жүруі, шатырларға шығуы жиіліп кеткендігін айтып өтіп, сонымен қатар сабақ біткен соң, балалардың уақытында үйге жетуін сынып жетекшілердің қадағалауын сұрады.

Астана қаласы Алматы ауданы Прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің бас маманы Ешенгулов Нұрдәулет оқушыларды құқықбұзушылық және қылмыс белгілерімен таныстырды. Жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері туралы айтып өтті. Оқушыларды қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп, оны құрметтеуге шақырды.

Мектеп инспекторы, Алматы ауданының ПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ полиция лейтенанты Молдабек Нұрбек Мейірбекұлы кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаның түрлеріне тоқталды.