Астана қаласы әкімдігінің Рақымжан Қошқарбаев атындағы №44 орта мектеп ШЖҚ МКК
AA+
Астана қаласы әкімдігінің Рақымжан Қошқарбаев атындағы №44 орта мектеп ШЖҚ МКК
AA+

Отбасы күні мерекесіне орай “Рақымжан Қошқарбаев атындағы № 44орта мектеп ”ШЖҚ МКК - да 13 қыркүйек күні «Біртұтас тәрбие - болашақ кепілі!» 1 - 11 сынып оқушыларының ата - аналарына арналған жалпы ата - аналар жиналысы өткізілді. Тақырыпты мектебіміздің директоры Л.М. Култаева презентация арқылы баяндап, мектептегі біртұтас тәрбие бағытында жүргізілетін жобалармен таныстырды. Оқушылардың бойына жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу басты міндет екенін атап өтті. Келесі кезекте мектеп психологтары Ж.Н. Нұрболатова мен Ш.Е. Зейтказиева «Жасөспірімнің қазіргі портреті» тақырыбында баяндама жасады. Ата - анларға тақырып бойынша кеңестер берілді. Астана қаласы ПД ”Алматы” ауданы ПД ЖКПБ учаскелік полиция инспекторы Р.К. Тукенов ата - аналарды кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы заңымен таныстырды.
Біртұтас тәрбие