«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде «Тәуелсіздік пен отаншылдық» айы аясында 14 қазан күні мектебімізде Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған апталықтың ашылуы өтті. Апталығымыз Халық Қаһарманы Рақымжан атамыздың батырлығын ұлықтайтын «Ерлік білекте емес, жүректе» атты ашық сынып сағатымен бастау алды.
Аталған іс - шарамызға құрметті қонақтарымыз, ауған соғысының ардагерлері - Акижанов Кудабай, Ерзаков Нуриддин, Акбаев Сәбит, Уразин Төленді, Джантемиров Калиаскер және Таулы Қарабах соғысының ардагері Нурахметов А.Б қатысып, өздерінің ерен еңбекке толы өнегелі ойларын бөлісіп, оқушыларымызбен сұхбаттасты. Сынып сағатының соңында оқушылар қонақтармен естелікке суретке түсті.
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы негізінде ”Тәуелсіздік пен отаншылдық” құндылық айы аясында “Рақымжан Қошқарбаев атындағы № 44 орта мектеп” ШЖҚ МКК - да қазанның 14 жұлдызында Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай, 6 "Б" және 10 "Ә" сыныптарының оқушыларына «Ерлік білекте емес, жүректе»атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушыларға батыр атамыздың өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру және оқушыларды батырлыққа, отаншылдыққа, адалдыққа тәрбиелеу.Іс шараға Ауған соғысының ардагерлері және мектебіміздің Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Қоразова М.Ә. қатысты.
Дөңгелек үстелді мектебіміздің директоры Култаева Ляззат Муханбетовна ашып, аталмыш іс - шара халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевқа арналып өтіп жатқандығын айтып кетті. Оқушыларға алдымен бейнефильм көрсетіліп, сұрапыл соғысқа қатысты мәліметтер және Қазақстанның қаһарман жауынгері туралы ақпараттар берілді. Дөңгелек үстел барысында тақырыпқа байланысты оқушылар ойларымен бөлісіп,өз пікірлерін ортаға салды. Берілген сұрақтарға жауап алды. Іс - шара қорытындысында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жунусова З.С. мен биология пәнінің мұғалімі Зампай Қ.аталмыш іс-шараның мән-маңызын айтып, ата - бабаларымыздың ұлы ерліктерін бүгінгі ұрпақ мәңгі жадында сақтап қалуы керек деген тұжырымға келді.