Астанадағы № 44 орта мектепке Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Мұндағы мақсат - келешек ұрпаққа үлгі етер тұлғалардың өмірі мен тарихын, ерлік - еңбектерін кеңінен насихаттау.
Мектепте Рақымжан Қошқарбаев атындағы алғашқы әскери патриоттық кабинет те ашылды. Мұнда батырдың өмір тарихы және марапаттарымен танысуға болады. Сондай - ақ келушілер назарына батырдың фотосуреттері қойылған.
Батыр есімін иемденген оқу ордасында бүгінде 1000 - нан астам оқушы білім алады.
«Бұл - мектеп үшін үлкен мереке. Білім ордасына батырдың есімі берілгенін мақтан тұтамыз. Келешекте біздің оқушыларымыз Рақымжан Қошқарбаевтың ерліктерін жалғастыратынына кәміл сенеміз. Мектебіміздің бүгінгі миссиясы - ұлттық құндылықтар негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру», - деді мектеп директоры Ләззат Құлтаева.
«Батырдың ерлігі - ел есінде…» атты мерекелік бағдарламасы аясында бастау алған іс - шарада Рақымжан Қошқарбаевқа арналған мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты өтті.
Іс - шараға Қорғаныс министрлігі мен қалалық Білім басқармасының өкілдері, сондай - ақ педагогтер мен оқушылар қатысты.