03.06.2024 күні Рақымжан Қошқарбаев атындағы № 44 орта мектеп ШЖҚ МКК мектеп ауласында «Балдәурен» лагерінің салтанатты ашылуы болып өтті.
Мақсаты: оқушылардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуын тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдай жасап, балалардың мерекелік көңіл - күйін көтеру. Лагерьге 1 - 4 сынып оқушылары және лагерь қызметкерлері мен құрметті қонақтар қатысты. Лагерьде 1 - 4 сынып оқушылары 4 жасақ 120 баладан құралды. Ашылу мерекесін мектеп директоры Култаева Л.М. құттықтап, бүлдіршіндерді алаңға белсене қатысып, бос уақытын тиімді пайдалану жолдарын айтты. Салтанатты ашылуда сайқымазақ, мыстан әже, қарақшы, сотқар бала, цыган кейіпкерлерін сомдаған ұстаздар балаларды қызықтырып, ойындар ойнатып, ән айтқызып, би билетіп, соңында тәттілер таратты. «Менің нұрлы қалам» асфальтта сурет салу байқауымен жалғасты. Жақсы салған балаларды мақтау қағазымен марапатталды.