Құрметті ата - аналар, ұстаздар, балалар, ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап 2024 - 2025 оқу жылына 1 сыныпқа құжат қабылдау басталды!
ҚР БжҒМ - ң 16.10.2018 жылғы № 564 бұйрығына сәйкес, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мектептердің бірінші сыныбына қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап 1 тамызына дейін жүзеге асырылады.
1 - сыныпқа 6 жастан бастап балалар ата -анасының немесе білім алушылардың заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады. Ата - ана адын - ала мектепті белгілеп, egov.kz веb порталы арқылы және қағаз түрінде өз өтініштерін тапсыра алады.
Қажет құжаттар тізімі:
- баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық паспорты;
- 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат (екпе картасы);
- 3х4 көлеміндегі фотосуреттің екі данасы