Астана қаласы әкімдігінің Рақымжан Қошқарбаев атындағы №44 орта мектеп ШЖҚ МКК
AA+
Астана қаласы әкімдігінің Рақымжан Қошқарбаев атындағы №44 орта мектеп ШЖҚ МКК
AA+

Құрметті ата-аналар!

Біздің бүлшіндер мектебіне қабылдау басталғанын қуана хабарлаймыз.
Егер Сіздің балаңыз 5 пен 6 жас аралығында болса, және де Сіз оған ең үздік бастамас
Сіз үшін біз не ұсынамыз:
  • Тәжірибелі педагогтармен интерактивті сабақтар.
  • Ойындар мен шығармашылық арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  • Сөйлеу және математикалық дағдыларды дамыту бойынша сабақтар.
  • Жайлы және қауіпсіз атмосфера.
  • Әр балаға жекелей тіл табу.
Кестесі және шарттары
  • Оқыту мерзімі: 2024 жылғы 3 маусым – 28 маусым аралығы.
  • Сабақтар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 13:00-ға дейін өткізіледі.
  • Топтың құрамы 10 адамға дейін.
  • Мекенжай: Нұрлыжол,8
  • Бағасы: тегін, 626 тг тамақтану
Жазылу үшін байланыс нөмірі
  • +7 707 777 5877

19.06.24 «Ұлы ашылулардың ізімен» білім марафоны күні. Мектеп жанындағы «Балдәурен» демалыс лагарінің жазғы демалыс лагеріне күнделікті сағат 9:00 таңғы жаттығудан бастап, мектеп медбикесі балалардың денсаулығы мен тазалығын тексеру жүргізеді. Таңертеңгілік бой жазу жаттығулары орындалады.
Таңғы жаттығудан балалардың бойында ашылмай жатқан сан қырлы таланттарын ұштап, өрбітуге мүмкіндік беру мақсатында үйірмелерге барды.
Вокал үйірмесінде балалар ән айттып, қызуғышылықтары артты. Балалардың жан-жақты дамуына, психологиялық мінез-құлықтың дұрыс қалыптасуына хор құрамында ән айту өнері үлкен әсер етеді. Александр мұғалім балаларға жеке-жеке ән айтқызып, жеке әнге деген қабілеттерін ашты.
2. «Жас суретші» сурет үйірмесіне қатысты. Оқушыларды бейнелеу өнері мен қолөнер арасындағы байланыстағы түрлі әдіс-тәсілдерді жете меңгеруіне мүмкіндік берілді. Бүгінгі сабақта мұғалім оқушыларға сурет салғызып, түстерді, көлеңкені қалай бояу керектігін үйретті. Оқушыларға өз қолдарынан шыққан туындылары өздеріне ұнады.
Үйірмелерден кейін жоспарымыз бойынша «Ұлы ашылулардың ізімен» білім марафоны болып өтті. Мақсатымыз оқушылардың ой-өрісін дамытып, білім деңгейін көтеру, шығармашылық ізденісін қалыптастыру, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасатуға үйрету, патриотизм сезімін қалыптастыру. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу дағдыларын, өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру. Оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау болды.