10.06.2024.
Бүгінгі күн “Үйірмелер” күні деп аталады. Таңғы жаттығудың пайдасы балалардың қан айналым жүйесінің қалыпты қызметіне ықпал етіп,түрлі аурулардың алдын алады.
Таңғы жаттығуымыздан кейін жоспарымыз бойынша балалардың бойында ашылмай жатқан сан қырлы таланттарын ұштап, өрбітуге мүмкіндік беру мақсатында үйірмелерге барды.
1. Вокал үйірмесінде балалар ән айттып, қызуғышылықтары артты. Балалардың жан-жақты дамуына, психологиялық мінез-құлықтың дұрыс қалыптасуына хор құрамында ән айту өнері үлкен әсер етеді.
2. «Жас суретші» сурет үйірмесіне қатысты. Оқушыларды бейнелеу өнері мен қолөнер арасындағы байланыстағы түрлі әдіс-тәсілдерді жете меңгеруіне мүмкіндік берілді. Бүгінгі сабақта мұғалім оқушыларға сурет салғызып, қолдарына хнамен сурет салуды үйретті. Оқушыларға қолдарына хнамен сурет салу ұнады.
3. Келесі үйірме салауатты өмір салты дағдылары мен дене тәрбиесі мәдениетінің жоғары деңгейін және теріс әсерлерге қарсы тұра алу қабілетін қалыптастыру мақсатында осы спорт үйірмесін ұйымдастырдық. Таза ауада түрлі спорттық ойындар ойнап балалар біраз сергіп қайтты.
Үйірме жұмыстарынан кейін «Ас адамның арқауы» түскі астарын ішті.
Түскі астарын ішкеннен кейін өз жасақтарында танымдық ойындар ойнату арқылы оқушылардың қызығушылықтарын дамытты.
Айналадағы әлемді ойын, еңбек, серуен, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде тәрбиешімен, ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынас кезінде танып біледі. Осындай жетістіктерге жету үшін тәрбиеші алдында тұрған баланың мінез кұлқын, сана-сезімінің жетілу дәрежесін таным үрдістерінің (түйсігі, қабылдауы, ес, ойлау,сөйлеу, зейінінің) дұрыс бағытта қалыптасып, дамуын қадағалап әpi дамытып отыру керек.
Балалардың таным мүшелерін және де шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында танымдық-шығармашылық ойындар колданудың маңызы зор.
Құрметті ата-аналар!
Біздің бүлшіндер мектебіне қабылдау басталғанын қуана хабарлаймыз.Егер Сіздің балаңыз 5 пен 6 жас аралығында болса, және де Сіз оған ең үздік бастамас
Сіз үшін біз не ұсынамыз:
Кестесі және шарттары
Жазылу үшін байланыс нөмірі
“Үйірмелер” күні
- Қаралды: 22