Астана қаласы әкімдігінің Рақымжан Қошқарбаев атындағы №44 орта мектеп ШЖҚ МКК
AA+
Астана қаласы әкімдігінің Рақымжан Қошқарбаев атындағы №44 орта мектеп ШЖҚ МКК
AA+

Құрметті ата-аналар!

Біздің бүлшіндер мектебіне қабылдау басталғанын қуана хабарлаймыз.
Егер Сіздің балаңыз 5 пен 6 жас аралығында болса, және де Сіз оған ең үздік бастамас
Сіз үшін біз не ұсынамыз:
  • Тәжірибелі педагогтармен интерактивті сабақтар.
  • Ойындар мен шығармашылық арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  • Сөйлеу және математикалық дағдыларды дамыту бойынша сабақтар.
  • Жайлы және қауіпсіз атмосфера.
  • Әр балаға жекелей тіл табу.
Кестесі және шарттары
  • Оқыту мерзімі: 2024 жылғы 3 маусым – 28 маусым аралығы.
  • Сабақтар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 13:00-ға дейін өткізіледі.
  • Топтың құрамы 10 адамға дейін.
  • Мекенжай: Нұрлыжол,8
  • Бағасы: тегін, 626 тг тамақтану
Жазылу үшін байланыс нөмірі
  • +7 707 777 5877

25.06.2024. «Үйірмелер» күні.
Күнімізді әдеттегідей бала қабылдап болған соң таңғы жаттығудан бастадық.
Сурет үйірмесінде балалар көркем суреттер салды. Көркем суретпен балалар рахаттана айналысады. Көркемсурет оларға қуаныш сыйлайды. Бала сурет салғанда тек қоршаған ортаны ғана суреттеп қоймайды, қиялдайды.
 Спорттық үйірмелерді ұйымдастырудың негізгі міндеті ­ дене шынықтырудың жаттығулары арқылы дене бітімінің дұрыстығы мен мықтылығын қимыл ­ қозғалыстарды игерудегі іскерлігі мен дағдысын дененің сапалық қасиеттерін дамыта түсу болып саналады. Спорттық үйірмелерде ­ спорттық жарыстар, спорттық оқу жұмыстарын қорытындылау, спорттық үгіт ­ насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында жүргіздік.
 Вокал үйірмесіне де кезекпен келді. Вокал үйірмесінде жеке әндермен бірге балаларға музыка да тыңдатылады. Музыкамен айналысу барысында балалардың ойлау қабілеті белсендіріледі, зейіндері тұрақталады.
 Бұдан кейін балаларпсихологиялық тренинг үйірмесіне барды. Тренингтің нәтижесінде жасөспірімдердің өзара тұлғааралық қырлары жаңаша ашылады, эмпатия деңгейі және басқа адамдардың күйзелісін сезіну деңгейі артады, өзі туралы білімі кеңейеді, өзін-өзі тексеру және өзін-өзі реттеу қабілеті күшейеді.
Жоспарымыздың келесі кезеңі бойынша «Оқуға құштар мектеп» аясында оқушылардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында кітапханашымен келісіп, тұрғылықты жеріміздегі кітапханаға саяхатқа апардық. Кітапханашы кітапхана ауласына кітап көрмесін ұйымдастырды.