26.06.2024. «Шынықсаң шымыр боларсың» Алатау спорт кешеніне бассейнге бару күні.
Таңертеңгі жаттығулардың маңыздылығын білу, таңғы жаттығуға уақыт арнаса, уақыт үнемдейтінін ұғындыру, таңертеңгі жаттығуларды жасауға дағдылану мақсатында әдеттегідей бала қабылдап болған соң күнімізді таңертеңгі жаттығудан бастадық.
Таңғы жаттығудан кейін Алатау спорт кешеніне бассейнге бардық. Шомылу, әдетте, бұлшық еттің өте белсенді қозғалысын (жүзу, қозғалу және суда ойнау) тудырады, мұның өзі бүкіл ағзаға, ең алдымен, қозғалыс және жүріс-тұрыс мүшелері жүйесіне пайдалы. Жалпы шомылу денсаулықты күшейтуге ықпал етеді, қан және лимфа айналымын, жүйке-бұлшық ет аппаратының жұмысын жақсартады, тынысты кеңейтіп, жылу алмасу механизмін жетілдіреді. Белгілі бір тәртіпті сақтаған жағдайда үнемі шомылу ағзаны шынықтырудың және суық тиюден болатын аурулардың алдын алудың тиімді жолы болып табылады.
Осылайша бассейннен мектебімізге келіп, түскі астарын ішті. Тамақтану — баланың физиологиялық және психологиялық өсу үдерісінің қалыпты, дұрыс өтуін қамтамасыз ететін маңызды факторлардың бірі.
Құрметті ата-аналар!
Біздің бүлшіндер мектебіне қабылдау басталғанын қуана хабарлаймыз.Егер Сіздің балаңыз 5 пен 6 жас аралығында болса, және де Сіз оған ең үздік бастамас
Сіз үшін біз не ұсынамыз:
Кестесі және шарттары
Жазылу үшін байланыс нөмірі
«Шынықсаң шымыр боларсың» Алатау спорт кешеніне бассейнге бару күні.
- Қаралды: 1416