Мектеп жанындағы "Балдәурен" лагері-бастауыш сыныптарындағы оқушылардың жазғы демалысын тиімді, қызықты және қауіпсіз өткізуге арналған уақытша демалыс алаңы.
Лагерьдің мақсаты: балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру. Шығармашылық топтар жұмыс жасады. Оның ішінде қызықты ағылшын үйірмесі, қолөнер,сурет, би,ән,спорттық ойындар, таза ауада серуендеу, киноға бару, бассейнге бару бәрі қамтылды. Осының барлығы кезекпен күн тәртібіне енгізілді.