07.06.2024 ж Бұл күн бізде «Кітап оқу» күні.
Күнімізді әдеттегідей таңғы жаттығу жасаудан бастадық.
Мақсаты бала организмін «ояту», оны әрекетшіл қалыпқа келтіру, жан — жақтылыққа, бірақ бұлшық ет жүйесіне жайлап ықпал ететіндей, организмнің жүрек, тынысы және басқа функцияларының қызметін белсендіру, ішкі органдар мен сезім органдарының жұмысын стимулдау жүрістің жақсы қалыптасуына ықпал ету, Таңертеңгі жаттығу балалар лагерінде күнді ұйымдасқан түрде бастауға мүмкіндік береді, күн кестесін дәл орындауға ықпал етеді.
Таңғы жаттығудан кейін балалардың төзімділік, жылдамдық, күш, ептілік және икемділік сияқты дамытуға көзделген әр топ өз жасақтарында ойындар өткізді. Командалық ойындарда физикалық қасиеттерінің дамуымен ықпал етті.
Халқымыз әр ғасырда ел даналары мен замана тұлғаларының өзінен кейінгі ұрпаққа қалдырып отырған ұлағатты және тәрбиесі мол өнегелерін кітаптан алған. Кітаптың рухани қазына аталуы да сондықтан. Бүгін біз осыған орай лагерь оқушыларын кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру мақсатында тұрғылықты жерімізде орналасқан кітапханаға саяхат жасадық.
Сонымен қоса бүгін үйірме жұмыстары болды. Психологиялық тренинг, бейнелеу өнері , вокал, шебер қолдар үйірмелеріне қатысып күнделікті жасаған жұмыстары бойынша марапатталып отырды.
Құрметті ата-аналар!
Біздің бүлшіндер мектебіне қабылдау басталғанын қуана хабарлаймыз.Егер Сіздің балаңыз 5 пен 6 жас аралығында болса, және де Сіз оған ең үздік бастамас
Сіз үшін біз не ұсынамыз:
Кестесі және шарттары
Жазылу үшін байланыс нөмірі
«Кітап оқу» күні.
- Қаралды: 39