Астана қаласы әкімдігінің Рақымжан Қошқарбаев атындағы №44 орта мектеп ШЖҚ МКК
AA+
Астана қаласы әкімдігінің Рақымжан Қошқарбаев атындағы №44 орта мектеп ШЖҚ МКК
AA+

Құрметті ата-аналар!

Біздің бүлшіндер мектебіне қабылдау басталғанын қуана хабарлаймыз.
Егер Сіздің балаңыз 5 пен 6 жас аралығында болса, және де Сіз оған ең үздік бастамас
Сіз үшін біз не ұсынамыз:
  • Тәжірибелі педагогтармен интерактивті сабақтар.
  • Ойындар мен шығармашылық арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  • Сөйлеу және математикалық дағдыларды дамыту бойынша сабақтар.
  • Жайлы және қауіпсіз атмосфера.
  • Әр балаға жекелей тіл табу.
Кестесі және шарттары
  • Оқыту мерзімі: 2024 жылғы 3 маусым – 28 маусым аралығы.
  • Сабақтар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 13:00-ға дейін өткізіледі.
  • Топтың құрамы 10 адамға дейін.
  • Мекенжай: Нұрлыжол,8
  • Бағасы: тегін, 626 тг тамақтану
Жазылу үшін байланыс нөмірі
  • +7 707 777 5877

27.06.24. «Қазына іздеу» ойыны күні.
Күнімізді әдеттегідей күнімізді таңғы жаттығумен бастадық. Таңғы жаттығу кез келген адамға, ересек адамға да, балаға да пайдалы.
Таңғы жаттығудан кейін балалар өз топтарында пазл құрастыру, баншя құрастыру сияқты танымдық ойындар ойнады. Пазлдар —мектеп жасындағы балаларға арналған танымдық дидактикалық ойын. Дидактикалық ойын “Жұмбақтар” — 6-12 жас аралығындағы балалардың есте сақтау қабілеті мен ойлау қабілетін дамыту құралы.
Келесі үйірме психологиялық тренинг.
Тренинг – кәсіптік және тұлғалық қарым-қатынастағы құзіретті дамытуды көздейтін интерактивті оқытудың бір түрі. Тренинг көпшілікті оқытудың әдісі.
Келесі үйірме вокал үйірмесіне барды. Үйірменің мақсаты: вокалдық шеберлікті арттыру; музыкалық білімді жетілдру; вокалдық техникалық білімді өркендету; сахна мәдениетіне баулу; жан — жақты дамытылған тұлғаны тәрбиелеуге назар аудара отырып, кәсіби орындау шеберлігі қалыптасқан, вокал өнерін толыққанды меңгере алатын, өз бетінше жұмыс істеуге қабілетті өнер иелерін даярлау.
Үйірмеден кейін түскі астарын ішті. Түскі астан кейін «Қазына іздеу» ойыны ойнатылды. Мақсаты: салауатты өмір салты әдетін қалыптастыру; алған білімін іс-тәжірибеде қолдану машығын дамыту; мектеп жасындағы балалардың қимыл дағдыларын жетілдіру.