Астана қаласы әкімдігінің Рақымжан Қошқарбаев атындағы №44 орта мектеп ШЖҚ МКК
AA+
Астана қаласы әкімдігінің Рақымжан Қошқарбаев атындағы №44 орта мектеп ШЖҚ МКК
AA+

Құрметті ата-аналар!

Біздің бүлшіндер мектебіне қабылдау басталғанын қуана хабарлаймыз.
Егер Сіздің балаңыз 5 пен 6 жас аралығында болса, және де Сіз оған ең үздік бастамас
Сіз үшін біз не ұсынамыз:
  • Тәжірибелі педагогтармен интерактивті сабақтар.
  • Ойындар мен шығармашылық арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  • Сөйлеу және математикалық дағдыларды дамыту бойынша сабақтар.
  • Жайлы және қауіпсіз атмосфера.
  • Әр балаға жекелей тіл табу.
Кестесі және шарттары
  • Оқыту мерзімі: 2024 жылғы 3 маусым – 28 маусым аралығы.
  • Сабақтар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 13:00-ға дейін өткізіледі.
  • Топтың құрамы 10 адамға дейін.
  • Мекенжай: Нұрлыжол,8
  • Бағасы: тегін, 626 тг тамақтану
Жазылу үшін байланыс нөмірі
  • +7 707 777 5877

24.06.2024. «Ғажайыптар орнағанда…» қызықты шытырманға толы күн.
Күнімізді бала қабылдап, таңғы жаттығу жасаудан бастадық.
Жасөспірімдер сапқа тұрып, таңғы жаттығу жасап, бір сергіп алды . Таңғы жаттығудан кейін оқушылар жоспар бойынша жұмыстарын өз топтарында жалғастырды.Топ жетекшілері оқушыларға күнделікті бағдарламалар мен алдын-ала жасалынған кесте бойынша тақырыптық ақпараттармен, танымдық мәліметтермен ,қызықты деректермен бөлісті.Балалармен ойын сауық орталығына барар алдында қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды.
Балалармен бірге «Ғажайыптар орнағанда…» қызықты шытырманға толы күндері болсын деп ойын сауық орталығына саяхаттауға апарылды.
Мектепке келгеннен кейін аз уақытқа демалып алып, тамақтануға барды.