28.06.2024. «Дені сау ұрпақ – ертеңіміздің болашағы» спорттық сайыс күні. Таңертеңгі жаттығулардың маңыздылығын білу, таңғы жаттығуға уақыт арнаса, уақыт үнемдейтінін ұғындыру, таңертеңгі жаттығуларды жасауға дағдылану мақсатында әдеттегідей бала қабылдап болған соң күнімізді таңертеңгі жаттығудан бастадық.
«Дені сау ұрпақ –елдің ертеңгі жалғасы» тақырыбында балалардың денсаулығын нығайтуда спортқа әуестендіріп, күн тәртібі ережелерін сақтай білуге, жаңа инновациялық жолдар арқылы шынықтырып, саламаттылыққа тәрбиелеу мақсатында спорттық сайы өткіздік.
Спорттық сайысымыздан кейін мектеп дәрігерлері оқушылармен «Дені сау ұрпақ – ертеңіміздің болашағы» тақырыбында әңгіме, слайд презентация, видио көрсетілімін көрсетті.
Тамақтану — баланың физиологиялық және психологиялық өсу үдерісінің қалыпты, дұрыс өтуін қамтамасыз ететін маңызды факторлардың бірі. Түскі асты тойып іш, кешкі асқа қарама демекші Мира апайымыз дайындаған дәмді асты ішіп, лагердің соңғы күнімен құттықтап балаларға балмұздақ тараттық.
Осылайша «Балдәурен» лагерінің екінші кезеңі аяқталды
Құрметті ата-аналар!
Біздің бүлшіндер мектебіне қабылдау басталғанын қуана хабарлаймыз.Егер Сіздің балаңыз 5 пен 6 жас аралығында болса, және де Сіз оған ең үздік бастамас
Сіз үшін біз не ұсынамыз:
Кестесі және шарттары
Жазылу үшін байланыс нөмірі
«Дені сау ұрпақ – ертеңіміздің болашағы» спорттық сайыс күні.
- Қаралды: 36