Астана қаласы әкімдігінің Рақымжан Қошқарбаев атындағы №44 орта мектеп ШЖҚ МКК
AA+
Астана қаласы әкімдігінің Рақымжан Қошқарбаев атындағы №44 орта мектеп ШЖҚ МКК
AA+

Құрметті ата-аналар!

Біздің бүлшіндер мектебіне қабылдау басталғанын қуана хабарлаймыз.
Егер Сіздің балаңыз 5 пен 6 жас аралығында болса, және де Сіз оған ең үздік бастамас
Сіз үшін біз не ұсынамыз:
  • Тәжірибелі педагогтармен интерактивті сабақтар.
  • Ойындар мен шығармашылық арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  • Сөйлеу және математикалық дағдыларды дамыту бойынша сабақтар.
  • Жайлы және қауіпсіз атмосфера.
  • Әр балаға жекелей тіл табу.
Кестесі және шарттары
  • Оқыту мерзімі: 2024 жылғы 3 маусым – 28 маусым аралығы.
  • Сабақтар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 13:00-ға дейін өткізіледі.
  • Топтың құрамы 10 адамға дейін.
  • Мекенжай: Нұрлыжол,8
  • Бағасы: тегін, 626 тг тамақтану
Жазылу үшін байланыс нөмірі
  • +7 707 777 5877

20.06.24. «Аспан әлеміне саяхат» Планетарий күні.Дененің саулығына жағымды әсер ететін шаралардың бірі-таңертеңгі жаттығу. Әдеттегідей күнімізді бала қабылдап, таңғы жаттығудан бастадық.
Таңғы жаттығуымыздан кейін таза ауада ойындар ойнатылды. Таза ауадағы балалар ойыны тек жағымды ойын-сауық қана емес, сонымен қатар организмнің физикалық және ақыл-ой дамуының маңызды аспектісі болып табылады. Кез келген бала дәрігері балалармен ашық ауада ойнау иммунитетті нығайтуға және суық тиюге төзімділікті арттыруға көмектеседі дейді. Ал таза ылғалды ауа әсіресе таңертегі ауа тыныс алу органдарының тітіркендіретін жөтелмен бірге жүретін жұқпалы ауруларын емдеудің міндетті шарттарының бірі болып табылады.
Таза ауада ойнағаннан кейін аспан әлеміне саяхат Планетарийге келді.
Қиялға қанат бітіретін ғаламаттың бірі өзінің құпиясын әрі барлық қыры мен сырын ішіне бүгіп жататын шеті мен шегі жоқ аспан әлемі десек, қателесе қоймаспыз. Түнгі жұлдызды аспан, көк жүзіне қонақтаған әсем ай, құс жолындай сағымданған Жетіқарақшы, таң ата туатын Шолпан жұлдыз балалардың арманын алысқа самғатты. Жеті қабат көктің сырын білуге бала біткеннің бәрі де құштар болғаны айдан анық. планетарий осы армандар мен қиялдарды одан әрі ұштауға, жасөспірімдерге тылсым әлемнің тынысын сезінуге көмектесті.
Планетарийден кейін балалар түскі астарын ішті. Түскі астарын ішіп болған соң ертеңгі күннің жоспарымен танысып, үйлеріне қайтты.