Бүгін 05.06.24. «Қазына іздеу» күні. Күнімізді әдеттегідей күнімізді таңғы жаттығумен бастадық.
Таңғы жаттығуымыздан кейін «Қазына іздеу» ойынын 4 жасақ ойнады. Мақсаты: Қазына іздеуге талпыныстары арқылы балаларды қырағылыққа, ізденімпаздыққа баулу. арттыру. Әр түрлі кедергілерден өту жолын үйрету. Балалар түрлі кедергілерден өтіп, қазына жасырылған жердегі соңғы тапсырманы орындай отырып қазынаны табады. Балаларға ойын қызықты болды.
Ойыннан кейін оқушыларымыз арнайы шақырылған планетари көрсетілімін тамашалады. Қиялға қанат бітіретін ғаламаттың бірі өзінің құпиясын әрі барлық қыры мен сырын ішіне бүгіп жататын шеті мен шегі жоқ аспан әлемін тамашалады.
Мектебімізде мектеп алды даярлық тобы Балақай мектебі өз жұмысын жүргізіп, кішкентай бүлдіршіндерді мектепке дайындауда.
Сабақ барысында логикалық тапсырмалар мен қызықты ойындар,қимыл қозғалыс жаттығуларын жасау арқылы балаларға білім беруде. Топта 10 оқушы бар.