30 сәуір – Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа ту тіккен тарихи

30 сәуір – Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа ту тіккен тарихи күніне орай мектебімізде 8–11 сынып оқушылары арасында сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаттарының басты мақсаты – жас ұрпаққа Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік пен батырлықтың мәнін түсіндіру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру және тарихи тұлғалардың ерлігін дәріптеу болды.
Оқушылар Рақымжан Қошқарбаевтың ерлік жолымен танысып, оның қайсарлығы мен батылдығы жайлы мәліметтер алды. Сонымен қатар, патриоттық тақырыпта пікір алмасып, тарихи деректерге сүйене отырып өз ойларын ортаға салды.
Просмотров: 9
Комментарии