9-шы сәуір күні, Астана қаласында, мәдениет үйінде “ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ” Республикалық оқу орталығының ұйымдастыруымен 2022-2023 жылғы VІІ Республикалық «Жарық Жұлдыз» атты өнер байқауы өткізілді.


Байқаудың мақсаты:
– балалар бойындағы шығармашылыққа деген талпынысты арттыру, олардың дамуына
қолдау көрсету.
Байқау жеті жанр бойынша өтті:
• Эстрадалық вокал (жеке, дуэт, трио, квартет, хор);
• Дәстүрлі ән;
• Аспапта ойнау (жеке, дуэт, трио, квартет, шағын фальклорлық ансамбльдер);
• Көркем сөз (мәнерлеп оқу);
• Хореография (жеке, топтық);
• Қолөнер;
• Көркем сурет;
• Эссе (шығарма);
Байқауға “44 орта мектеп”КММ-нің 0 сынып оқушысы Зубайрова Айару ( жетекшісі Нуркасымова А.Т.) “Көркем сурет” жанры бойынша 1 орынға иеленді. Кішкентай бүлдіршінімізді құттықтай отырып, тау суындай таусылмас қайрат, сыр суындай сарқылмас жігер тілейміз!