Басты бет » Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Кеше қасиетті жұма күні мектебімізде бастауыш сыныптар бойынша “Тәрбие апталығы “,бағдарламасы бойынша “Көңілді старт” атты екі күндік спорттық эстафеталық сайыстармен жалғасын тапты

Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Кеше қасиетті жұма күні мектебімізде бастауыш сыныптар бойынша “Тәрбие апталығы “,бағдарламасы бойынша “Көңілді старт” атты екі күндік спорттық эстафеталық сайыстармен жалғасын тапты

Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Кеше қасиетті жұма күні мектебімізде бастауыш сыныптар бойынша “Тәрбие апталығы “,бағдарламасы бойынша “Көңілді старт” атты екі күндік спорттық эстафеталық сайыстармен жалғасын тапты.Спорттық сайысқа 13 сынып қатысты.1Ә,1Б,,1Ғ,1В.2Ә.2Б.2В3В,3Ә,3Б,3Г,4Ә,4Б.
Спорттық сайыстың ашылу салтанатын бастап сөз сөйлеп ашып берген мектеп басшысы Ләззат Мухамбетовна сайысты әрі қарай жүргізіп жарыстың көрігін қыздырды.Сөйтіп мектеп директоры Ләззат Мухамбетовна ның жан жақты, мықты спортшы екенін аңғардық.Спорт десе ішкен асын жерге қоятын біздің оқушылармыз бен ата аналарымыз бар ықыластарымен сайысқа қатысып ,жүлделі орындарға ие болды. Екі күндік сайысымыздың екінші кезеңін бүгін денешынықтыру пәнінің мұғалімі Татьяна Алексеевна Соловьев тізгінін ұстап 3 сыныптар арасында 5 командамен сайыс өткізіп одан соң 4 сыныптарды командалар бойынша сайысқа түсірді.
3 сыныптар арасында 1-ші орын Сәйгүлік 3Ә сыныбы,2-ші орынды Алға тобы 3Б,3-ші орын Семья,Звёзды Пырву командасы жігіт 4-ші орынды 3Г Драконы тобы иеленді.

4 сыныптар бойынша 1-ші орын 4 Ә Тұлпар тобы ал 2-ші орынды 4Б Жалын тобы иеленді.

Бұл спорттық сайыс мектеп жұмысы үлкен жауапкершілік, адамгершілік, ауызбіршілік, сыйластық,ата анамен байланыс осындай ізгі қасиеттерді түсініп Тәрбие апталығы аясында жоспарланған іс-шараларды өткізуге атсалысқан бастауыш сынып жетекшілеріне ,дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне
Татьяна Алексеевна Соловьеваға,Мәлік, Данияр,Нариман,Арман ағайларымызға көп көп рахмет.
айтамыз. Отбасылық осындай көңілді спорттық іс-шараны ұйымдастырғаны үшін қасиетті жұмада барлық қатысушыларға ата-аналар пісіріп беріп жіберген дәмді шелпек, бауырсақтар, сусын таратылды.Дастархан жайылды.Жалпы мектебімізде екі күн той болды.Тойымыз тойға ұласады берсін.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.