Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Бүгін мектебімізде бастауыш сыныптар аралығында “Тәрбие апталығы “,бағдарламасы бойынша “Жұлдыздар жарқырайды” атты концерт болып өтті. Кіп-кішкентай біздің өнерлі өрендеріміз ән шырқап,би билеп өз өнерлерін ортаға салды.Қонцертті жүргізген 4 Ә сынып жүргізушілері мен талантты әнші, бишілері қасиетті, киелі сахна өнерін жақсы меңгерген.Сонымен қатар сахналық қойылым қөрсеткен 3Ә сынып оқушылары мен өз ұланымен анасы ән шырқаған 3Ә сынып ата анасы мен 4Ә сынып ата-аналарына үштік одақ құрып мектеппен ата аналарды байланыстырғанын тілге тиек еткен мектеп басшысы Ләззат Мухамбетовна өз алғысын білдірді.
Осындай игі іс-шараларды ұйымдастыруға мұрындық болған бастауыш сынып мұғалімдеріне Абдиганиева Салтанат Жанбаевнаға,Тулегенова Бибигул Шаймұратовнаға,Амангул Қалтайға,Жакишева Салтанат Кенжегалиевнаға,КуптеноваАжар Жанғабылқызына,Жумабаева Кенжегул Мухаметжановнаға алғыс айтамыз.



