2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігінің ұйғарымымен «1 қыркүйек – Білім күні» мерекесінің салтанатты жиыны мен алғашқы тәрбие сабақтары «Мектебім-мейірім мекені» тақырыбында салттанатты жиыны ағымдағы жылдың 01 қыркүйек күні өткізілді.
Мақсаты: жана оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында білімнің басымдылығы мен маңыздылығын және жағымды көңіл-күй, оң көзқарас қалыптастыру. Салтанатты жиын жоспар негізінде 10.00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталып, 10.45-те аяқталды. Салтанатты жиын жүргізушілердің сөзінен басталып мерекелік іс-шараны салтанатты түрде ашу үшін алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Култаева Ляззат Муханбетовна берілді.Қуанышымызды ортақтасып, мерекеге келген құрметті қонақтар Астана қаласы, әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы, Астана қаласы маслихатының депутаты Смагулов Асқар Сайлаубекович. Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Асуханов Мұса Исаұлы және де Қоразова Майра Әлимханқызы мектеп ұжымын мерекемен құттықтап, жаңа оқу жылында сәттіліктер тіледі.
Салтанатты жиын барысында ешқандай келеңсіз жағдайлар орын алған жоқ. Бірыңгай сынып сағаттары «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында өткізілді. Сынып сағаттарына 1023 оқушы қатысты.


