Басты бет » Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Денсаулығым-байлығым» тақырыбында эстафеталық жарыс өтті

Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Денсаулығым-байлығым» тақырыбында эстафеталық жарыс өтті

Астана қаласы «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің № 10 көпшілік кітапханасы мен Астана қаласы №43 ҚББМО ұйымдастыруымен 7 сәуір күні Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Денсаулығым-байлығым» тақырыбында эстафеталық жарыс өтті.

Міндеті:
– Дүниежүзілік денсаулық күнін атап өту;
– барша халықты салауатты өмір салты мен денсаулықты жақсартуға шақыру;
– денсаулықтың негізі қимыл, спорт екенін ескере отырып, жыл сайын өткізуді қолға алу;
– болашақ жас жеткіншектерге сабақ болатындай үлгі өнеге таныту.

Жарысқа “№44 орта мектеп”КММ-нің ойыншылар құрамынынан тұратын ұстаздары Абдыгаипов Н.Н., Жанатбекова Д.Е., Нұрболатова Ж.Н., Абдулкаримов М.И. қатысып, Астана қаласы әкімдігінің “ОКЖ” КММ – нің алғыс хатымен марапатталды. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.