Шахмат – зейінді, интеллект пен логикалық ойлауды дамытатын балалар мен ересектерге арналған танымал спорт түрі.
Шахмат – оқушылардың зейін, сыни тұрғысынан және логикалық ойлау, шешім қабылдау, стратегиялық жоспарлау, шығармашылық талдау, қабылдау және бағалау сияқты ақыл-ой қабілеттерін дамытады.








Бүгін, 12 сәуір күні “44 орта мектебі”КММ- де шахматтан республикалық челлендж өтті. Челлендж – еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін, мерекелік көңіл-күй сыйлайтын, оқушылардың зияткерлік ойындарға қызығушылығын арттыратын ауқымды республикалық акция. Челлендждің мақсаты – шахмат арқылы балалардың зияткерлік және ақыл-ой қабілеттерін дамыту.
#оқуағарту