Тазалық сізден және сізді қоршаған ортадан басталады» демекші, 13 сәуір күні “44 орта мектеп” КММ- де “Таза мектеп- таза ауа” атты акциясына мектеп парламенті мен 8″А”,8″Ә”,8″Б”,8″В”сыныптары белсене ат салысты.
Қолдарына күрек, тырмаларын алып шыққан оқушылар іргелес жатқан аулаларын қыс бойы жиналып қалған күл-қоқыстан тазартты. Шашылған қағаз қалдықтарын жинады. Тал-теректің түбін әктеп, мектептің ауласын тазалады.


